0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Март, 16 от Жанат в категории Ұстаздарға
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Тәрбие сағатын қызықты өткізу жолдары

Тәрбие сағатының тақырыбын таңдап алған соң, сыныпта сабағыңызға барлық оқушының қызығушылық танытып, әрқайсысы өз ойын қосып, өзін көрсеткісі келетіндей ахуал жасауға көңіл бөліңіз. Осы мақсатта тоқсандық, жылдық тәрбие сағатының күнтізбелік жоспарын жасауда оқушыларды да қатыстырып, олардың пікірін білуге тырысқаныңыз жөн. Ата-аналардың да ойын қалс қалдырмаңыз. Ал сабақ үстінде әзіл-қалжыңдарды, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді сөз қолданысыңызға қосып қойып отырғаныңыз абзал. Ол сабағыңызды қызықты қылып қана қоймайды, сонымен қатар оқушының сізбен жеңіл араласуына, ой еркіндігіне жол береді.

Сабақ барысында ойындарды да естен шығармаңыз. Оқушыларға рөл болып беріп, кішкене театрландырылыған қойылым қойыңыз. Мысалы, қарт адамға құрмет көрсету жолдарын қойылым ретінде түсіндіруіңізге болады. Бір оқушыға осы тақырыпта сценарий құруын тапсырсаңыз, басқа оқушыларға тиісінше рөл бөліп беріңіз. Оқушылар берілген тақырыпты жан-жақты талқылай алатындай жағадай жазаңыз.

КВН ойындары, тренингтер, саяхаттау ойындары, интернетте саяхаттау сынды ойын түрлерін сабақ жоспарыңызға қосуыңызға болады. Бірақ сабақ түгелімен ойынға құрылмауы тиіс. Балаларға, ең алдымен, қарапайым тілдесу керек. 

Тәрбие сағатына соғыс ардагерлерін, табысты адамдарды, өз ісінің мамандарын, ақын-жазушыларды шақыруыңыз балаларды сабаққа ынтықтырып қана қоймайды, сонымен қатар алдында отырған үлкен адамдардан үлгі-өнеге алады.

ответил 02 Март, 16 от Марат