Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Туыстық туралы мақал-мәтелдер бар ма?

Талқылау
Пікір
Жазира
15 Қараша, 16

Туманың бәрі туысқандай болмас,

Тұрманның бәрі құйысқандай болмас.

***

Туысы көбейсе үйір көп,

Досы көбейсе мейір көп.

***

Туысқаннан қиысқан жақын.

***

Туысқаны аз елдің ерлігі зая,

Тілеуқоры жоқ ердің еңбегі зая.

***

Туыстың жаманы

Өзі бола алмайды,

Болғанды көре алмайды.

***

Туыстың қолындағысын білгенмен,

Ойындағысын білмейсің.

***

Туысы бірдің - уысы бір.

***

Туысы бір түртпейді,

Түбі бір кетпейді.

***

Туысы жақын жақын емес, 

Қонысы жақын - жақын.

***

Туысы жаманды ел ішінен жау шабады,

Тоны жаманды түйе үстінен ит қабады.

Жүрсін
15 Қараша, 16

Туыстық туралы мақал-мәтелдер

Туасы жама

Туғанын жамандайды.

***

Туған жер - ана,

Қысылғанда ағайын - пана.

***

Туған көп, туысқандай болмас, 

Жолдас көп, уағдада тұрысқандай болмас.

***

Туған мен туған табысады,

Тумағанға пәле жабысады.

***

Туған туыс емес,

Қоныс - туыс.

***

Туғанды жатқа санама,

Есекті атқа санама.

***

Туғанның ашуы тұмсығының ұшында.

***

Туғанына сыймаған дұшпанына жалынады.

***

Тумаған туыспағаның емес,

Қимаған қиыспағаның қымбат. 

Мақал-мәтелдер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Келін туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Өтірік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Ақиқат туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Көрік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Жанұя туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?