БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қырық қыз жайлы аңызды білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Асқар
01 Наурыз, 16

"Қырық қыз" аңызы

Бұрынғы замандарда Уган өзені алқабында таулықтар өмір сүрген екен.  Бір-біріне деген жауыздық, өшпенділік, араздық сезімдері болмаған тау халқы тыныш өмір сүреді. Олар аң аулаумен және басқа шаруашылықтармен айналысқан. Еркін әрі өр мінезді таулықтарда байлық пен ақша жайлы түсінік мүлде болмаған. Олар еркіндіктен рахат алып, еркіндіктен ешбір затты құнды көрмеген. 

Бір күні таулықтар қалың ұйқыда жатқанда, олардың жердегі жұмақтай шұрайлы мекеніне қызыққан зұлым хан қалың әсерімен таулықтар ауылына басып кіреді. Мейірімсіз әскер егісті таптап, қарттар мен балаларды, әйелдерді аяусыз өлтіріп, ауылдың отар-отар малын, үйір-үйір жылқысын айдап әкетеді. Ал өңірдің ең сұлу қырық қызын өз сарайына алып кетеді. Олжасына масаттанған хан өз хандығына қайтып келе жатқанда, оның күймесін әлдебір ақсақал тоқтатады. Хан ақсақалға:

- Ей, бейбақ, мені тоқтатуға қалай ғана дәтің барды? Өмір сүргің келеді ме? Саған мына сұрықсыз өмірің керек пе?- дейді.

- Жоқ!

- Мені тоқтатуға қалай дәтің барды?- деп хан одан әрі бұлқан-талқан болады. 

Сонда сұсты ақсақал ханға:

- Ей, қатігез қанішер, сен менің алтын ұямды, құтты қонысымды ойран еттің. Туыстарым мен жақындарымды, халқымды өлтірдің. Олай болса, мен де саған бақытсыздық әкелемін! Біздің заңымыз бойынша бірде-бір таулық тұтқында өлмейді,- дейді.

Хан қызметшілеріне ақсақалды ұстауға әмір етеді. Хан әскері қамшысын көтеріп, қартқа қарай ұмтылады. Ешбірінің қамшысы қартқа тимек түгілі, оған маңайлай да алмайды. Қарт құдды бір сиқырлы шеңбер ішінде тұрғандай еді. Хан ашуға булығып, қалш-қалш етті. Кенет ақсақал тасқа айнала бастады. Үрейленген хан әскері қарт толықтай тасқа айналып кеткенінше мелшиіп тұрды да қалды. 

Артынша хан тұтқынға алған қырық сұлу да тасқа айналды. Бір мезет хан тұрған орыннан иттің арсылдағаны естілді. Сасқан әскер хан орнынан ханды емес әлденеге үрген шынжырлаулы итті көрді. Ол да кешікпей тасқа айналды. Есі шыққан жауынгерлер байлық пен атақт ұмытып, басы ауған жаққа қаша жөнелді. Олардың қанаттары қанатқа айналып, бәрі де қарға кейпіне енді. 

Бұл өңірде тасқа айналған қырық сұлу мен қорғаушы ақсақал, олардың жолдарын бөгеген иттің мүсіні осы күнге дейін тұр. Ел адамдарының айтуынша, жел тұрып, бұлт үйіріліп, күн түнерген күндері тас сұлбалардың үстінен айнала қарғалар ұшады екен. 

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы