Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қазақтың ұлттық киімдері несімен ерекше?

Талқылау
Пікір
Айару
02 Наурыз, 16

Қазақтың ұлттық киімдері қарапайымдылығымен, ыңғайлылығымен, көз тартар әсемдігімен ерекше. Киімдерге аң терісі, өрнектер, әшекейлер көркемдік береді. Көбіне киімдерді аң терісінен, былғарыдан, жұқа киіз бен шұғадан және шеттен әкелінген жібек, қамқа, барқыт сынды маталардан тіккен. 

Қазақ халқы қашан да аң терісін бағалаған. Сырт киімдер жабайы аңдар мен  үй жануарларының терілерінен тігілген. Сәйкесінше, олардың атаулары да теріге байланысты әр түрлі.  Мысалы, жанат терісінен тігілген тон - жанат тон, қара сұр түлкі терісінен тігілген тон - қара түлкі тон, құндыз терісінен тігілген бөрік - камшат бөрік, құлын терісінен тігілген тон - жарғақ тон деп аталады.

Қазақ әйелдерінің бас киімі әйелдің отбасы жағдайын аңғартатын болған. Қыздар тақия немесе бөрік киген.Қыз ұзатылып, өзге елге қалыңдық болып барғанда сәукеле киеді. Сәукеле қазақ танымында айрықша орынға ие. Ерекше көмкеріліп, зерленген сәукеленің жасалуына жүз аттың құны кетеді екен. 

Ал әйел адам құрсақ көтергенде желек жамылса, босанғаннан кейін оған кимешек кигізген. Осыдан бастап, әйел ғұмырының соңына дейін кимешекпен жүреді. Кимешектің өрнектері елдің әр өңіріне байланысты әр түрлі болған. 

Қазақтың салт-дәстүрлері категориясындағы басқа сұрақтар
0
Salima
2 апта бұрын пайда болды

Ерсіз іс әрекетімен есте қалған қонағыңыз бар ма?

«Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» - деп жар салған қонағым

Ифтарға дастархан жайып қонақ күткен едік. Ораза ұстағандарды тамақтандырып, құран оқып, сауап жинау басты ниетіміз еді. Дастарханның дәл ортасында шелпек-бауырсақтарымыз тұрған. Ақырындап қонақтарымыз келе бастады, дастархан басына жайғастырып жатқанда келгендердің бірі қатты дауыспен «Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» деп айқайсалды. «Қазақтың дәстүрі ғой» деп тақырыпты ауыстырайын деп едік, әлгі адам ашуын баса алмай одан әрі жалғастыра кетті.  Қонақтардың түрлісі болады екен, отырыстың күл талқаны шықты. Неге солай?

1
Нұрберген
1 жыл бұрын пайда болды

Бір топ түйені не деп айтады?

2
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Беташар деген не? Бұл қандай дәстүр?

2
1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Айтыс дегеніміз не?