0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Март, 16 от Айгүл в категории Өнер және мәдениет

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Қазақтың ұлттық киімдері қарапайымдылығымен, ыңғайлылығымен, көз тартар әсемдігімен ерекше. Киімдерге аң терісі, өрнектер, әшекейлер көркемдік береді. Көбіне киімдерді аң терісінен, былғарыдан, жұқа киіз бен шұғадан және шеттен әкелінген жібек, қамқа, барқыт сынды маталардан тіккен. 

Қазақ халқы қашан да аң терісін бағалаған. Сырт киімдер жабайы аңдар мен  үй жануарларының терілерінен тігілген. Сәйкесінше, олардың атаулары да теріге байланысты әр түрлі.  Мысалы, жанат терісінен тігілген тон - жанат тон, қара сұр түлкі терісінен тігілген тон - қара түлкі тон, құндыз терісінен тігілген бөрік - камшат бөрік, құлын терісінен тігілген тон - жарғақ тон деп аталады. 

Қазақ әйелдерінің бас киімі әйелдің отбасы жағдайын аңғартатын болған. Қыздар тақия немесе бөрік киген.Қыз ұзатылып, өзге елге қалыңдық болып барғанда сәукеле киеді. Сәукеле қазақ танымында айрықша орынға ие. Ерекше көмкеріліп, зерленген сәукеленің жасалуына жүз аттың құны кетеді екен. 

Ал әйел адам құрсақ көтергенде желек жамылса, босанғаннан кейін оған кимешек кигізген. Осыдан бастап, әйел ғұмырының соңына дейін кимешекпен жүреді. Кимешектің өрнектері елдің әр өңіріне байланысты әр түрлі болған. 

Кимешек

Сәукеле

Бөрік

Тақия

ответил 02 Март, 16 от Айару
редактировать 02 Март, 16 от Мейрамгуль