Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Гүлбахрам Байбосынова өмірбаянын білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Жазира
17 Қараша, 16

Театрдағы жұмысынан бөлек, акриса бірнеше отандық фильмдер мен телехикаялардан бой көрсеткен. Е.Тұрсыновтың "Шал" фильмінде ана бейнесін сомдаса, А.Сатаевтың "Қара шаңырақ" телехикаясында Алтынай рөлін сомдап шықты. Ал С.Өтепбергенов түсірген "Жасұлан" телехикаясында өзге қырынан көрініп, әскери лейтенант қыздың бейнесін алып шықты. Көрермендер көңіліне жылу ұялатып, жүректеріне жол тауып, актрисаға танымалдық алып келген 100 сериялы "Қарашаңырақ" телехикаясындағы Алтынай рөлі. Инабатты, жарына адал, тіреу де сүйеу де болып, түсіне білетін, ата-ананы қадірлейтін қазақ келінінің бейнесі Гүлбахрамның "Алтынай" ретінде, әдеп сақтаған келін ретінде ел жүрегінде сақталуына, сүйсінуіне сеп болды.

Бүгінде актриса тұрмыс құрмаған. Ал жеке өміріне қатысты мәліметті құпия ұстауды жөн көреді. 

Жазира
17 Қараша, 16

Байбосынова Гүлбахрам Ахатқызы 1987 жылы шілденің 27 жұлдызында Жезқазған қаласында дүние есігін ашқан. Актриса - егіздің сыңары. Өмір есігін қатар ашқан егізінің есімі - Гүлбарам. Көпбалалы отбасында өскен Гүлбахрамның жанұясында 7 бала екен.  Өнерлі, шығармашыл отбасында өмірге келген әртіс бала күнінен өнерге жақын өскен. Ол Жезқазғандағы №13 қазақ-орыс мектебінде білім алған. Мектеп ұясынан түлеп ұшқаннан кейін Алматы қаласына келіп, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, "Театр және кино" мамандығы бойынша оқыған. Университеттегі білімін тәмамдағаннан кейін, 2009 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына жұмысқа қабылданып, түрлі қойылымдағы рөлдерді шебер сомдап келеді. Киелі сахнада С.Сматаевтың "Көгілдір таксиінде" Мариям, Н.Ораздың "Адасқан жұлдызында" Актриса, Ш.Айтматовтың "Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбетінде" Ана, М.Әуезовтің "Ай Қарагөзінде" Қарагөз, В.Ежовтың «Бұлбұлдар түнінде» Нина, Э.Хушвақтовтың «Сүйе білсеңінде» Рушана рөлдерін сомдап, көрерменін өнерімен тәнті етті. Киелі сахнаның қасиетін ұғынып, "өмірім - өнерім" дейтін актриса  

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?