Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Дидар Амантайдың өмірбаяны бар ма?

Талқылау
Пікір
Талап
21 Қараша, 16

2008 жылы "Азамат" газетінің директоры. 2009 жылдан бері "Қазақфильм" кинокомпаниясыныда бас редактор қызметін атқарып келеді.

Жазушының алғашқы кітабы 1996 жылы жарық көрген. Кітап "Постскриптум" деп аталады. Мұнан соң "Қастерле мен" (2000), "Гүл мен кітаптар" (2003), "Күзгі рандеву" (2005) кітаптары шыққан. Оған қоса "Нұрғиса Тілендиев", "Әлжаппар Әбішев","Қасым Аманжолов", "Жүсіпбек Елебеков", "Мұхтар Мағауин" деректі фильмдерінің, "Гәкку", "А-ға оралу" көркем филмдерінің, "Қарс бақылау" телехикаясының сценарийін жазып шыққан. 

Жазушының шығармалары көптеген әлем тілдеріне аударылды. 

Жазушы әнші Гүлбаршын Тергеубековамен шаңырақ көтерген. Өнегелі отбасының 2016 жылы Рәбия-Сұлтан-Бегім есімді қызы дүниеге келді. 

Талап
21 Қараша, 16

Дидар Амантай 1969 жылы ақпанның 5 жұлдызында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүние есігін ашқан. Ол - жазушы, қоғам қайраткері, сценарист, тілші, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бас редакторы. Жазушы орта мектепті тәмамдап, 1986 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға түсіп, металлургия факултетінде білім алған. Бірінші курстан кейін әскер қатарына алынып, Қиыр Шығыс, Владивосток қаласы маңында әскери борышын өтеген. Мұнан соң Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түседі. Оқу орнында "Философия және политология" факультетінде оқыған. 1994 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына түседі. Кинодраматург мамандығы бойынша оқыған жазушы аталған оқу орнын 1997 жылы тәмамдайды. 

Дидар Амантай 1987-1989 жылдары "Жас алаш", "Заман Қазақстан" газеттерінде қызмет атқарып, тілші, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1997-2002 жылдары "Хабар" агенттігінде бағдарлама редакторы, "Бетпе-бет" бағдарламасының тілшісі болған. 2004 жылы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" кинокомпаниясына бас редактор болып қызметке орналасады. 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?