Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ерке Есмахан қай жылы туылған?

Ерке Есмахан туған жылы
Талқылау
Пікір
Айнұр
18 Қараша, 16

Белгілі журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай мен әнші Ерке Есмахан 2011 жылы шаңырақ көтерген. Жанұяда шекесі торсықтай ұл дүниеге келіп, Мүслім деп есім береді. Алайда екі жастың бақыты ұзаққа созылмады. Араларында бала бола тұра, отбасының берекесі мен тыныштығын сақтай алмаған жұп ажырасып тынды. Көпшілік арасында Ерке Есмаханның өмірі жайлы жиі сұрақ туындап, түрлі қауесет тараған соң, әнші сырымен бөлісіп, толассыз сөздердің нүктесін. қойған еді. Әншінің айтуынша, жұбайы отбасылық өмірде майдалық танытқан. Араларындағы гүл сезім түсінбеушілікке ұласып, жиі жанжалдаса бастаған шаңырақтан береке кетіп, тіпті, екеуі бірге ас ішпек түгілі, бірін-бірі көрместей болған. Сонымен қатар, Еркенің аяғының ауырылығына қарамастан, сүйіктісі ашу үстінде бірнеше рет қол көтерген. Мұның барлығы шаңырақтың шайқалып, жұбайлардың қош айтысумен аяқталды. Ажырасқан соң Асхат Садырбай екінші рет отбасын құрған. 

Айнұр
18 Қараша, 16

Әнші Ерке Есмахан Батыс Қазақстан жерінде дүниеге келген. Ол бала күнінен өнерге етене жақын өскен. Еркеге аяғы ауыр кезде анасы Ақтөбе облысының Ырғыз ауылында тұрған. Анасы құрсағындағы сәбиінің әнші болғанын армандап, ішін сипап, "Айша бибі" әнін айтатын болған. Ерке бастапқыда ауылдағы музыкалық мектепте білім алып, әрі қарай Ақтөбедегі музыкалық училищеде оқыған. Алматыға келген әнші консерваторияда білімін жалғастырады. 

Әншілік өнерге келген Ерке Іңкәр тобының құрамында ән салады. Оның алғашқы жеке әні мен бейнебаяны "Айша бибі" әні еді. Әнші сазды өлеңдерімен көпшілікті тәнті етті. Төреғали Төреәлімен дуэт құрып, "Алло" әнін орындап шығу арқылы танымалдығы арта түсті. Әншінің жеке орындауында "Айша бибі", "Әйел бақыты", "Еркемін", "Бал сезім" және т.б. өлеңдері бар. 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?