Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қыз ұзатуды қалай дұрыс өткізуге болады?

Талқылау
Пікір
Тахмина
03 Наурыз, 16

"Қыз ұзату" дәстүрі "Құда түсу", "Сырға салу", "Ұрын бару" сынды дәстүр-жоралғылардан кейін орын алады. Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, қызды ұзатпас бұрын орындалатын жоралғылар бар. Олардың бірі - қалың мал беру. Жігіт жағы қалың мал бергеннен соң, қыздың жеңгелері не туыстары жігіт ауылына барып, ол елдің ахуалы мен тіршілігін көріп, танысып қайтады. Бұл дәстүр - "Қыз танысу" деп аталады. Оның артынан жігіт елі той малын әкеледі. Той малы екі жастың шаңырақ көтеру тойында сойылады. Көбіне жылқы, түйе не ірі қара беріледі. Сойылатын малмен бірге бағалы маталар, түрлі сыйлықтар беріледі. Жігіттің ата-анасы бұлардан бөлек, қыздың анасына сүт ақысын береді. Бұл жоралғылардың барлығы орындалғаннан соң, қыз ұзату тойында қыз бен жігіттің некесі қиылады. Мұсылмандық пен дәстүрі егіз қазақ халқының танымында некесіз қыз бен жігіт жақындаспайды. Жастардың некелері қиылып, қыз ұзатылар шақта ұзатылар қыз сыңсу айтып, ел-жұртымен қоштасады. Қыздың ұзатылуы - кімнің де болмасын жүрегін сыздатып, көзіне жас келтіретін сәт. Бауыр еті баласын өзге елге аттандырып жатқан ана мен осы шаққа дейін анасының аялы алақынын саялаған қыздың қоштасуы ет-жүрегіңді елжіретеді. 

Қыз ұзатылғаннан кейін, қыздың ата-анасы қызға арнаған көрпе-жастық, киім-кешек, әшекей, тұрмыстық заттарын жиыстырып, артынан жасауын жібереді. 

Үйлену тойы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Мне очень очень нравится
3 жылы бұрын пайда болды

Ажырасамын деген жастарға, әсіресе ажыратқысы келген адамға айыппұл салынса екен

Сәлеметсіздер ме менің айтқым келетін проблема еркектердің жауапсыздығы және сәбилердің құқығы жайлы.  Еркекетер үйленіп,  бала тапқызып,  қаласа тастап кете салуы әділетсіздік деп ойлаймын. Неге осы ажырасамын деген еркектерге или әйелдерге үлкен мөлшерде айыппұл салынбайды, сонда олар айыппұлдан қашып отбасын сақтап қалар ма еді. Ортада балада тірі жетім болып қалмас па еді. Ажырасу азайып, әке шешесіде жастардың өміріне қол сұға беруін тоқтатар ма еді. Жазықсыз сәбилер әкесіз өспейтін еді. Неге әйел адамдар ғана қиналуы керек,  ажырасқанда еркектерге неліктен жауапкершілік артылмайды. 

1
Аслан
7 жыл бұрын пайда болды

Беташар жырын білесіздер ме?

1
Ұлан
7 жыл бұрын пайда болды

Асаба тойды неден бастауы қажет?

1
Елдар
7 жыл бұрын пайда болды

Атастырылған жігіт пен қыздың үйленуі міндетті ме?