Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Мектепалды даярлық тобына арналған логикалық тапсырмалар бар ма?

Талқылау
Пікір
757610
14 Ақпан, 23

логикалық тапсырмалар керемет

Сая
21 Қараша, 16

(Жалғасы)

9. 7 шырақ жанып тұр.екеуінің оты сөніп қалды. Неше шырақ қалды? (7)

10. Әпкесі бауырынан 5 жас үлкен. 7 жылдан кейін бауырынан неше жас үлкен болады? (5)

11. Алдағы үшеу жолдан 3 шеге тауып алды. Артынан келе жатқан 10 адам неше шеге табады? (0. Себебі шегенің бәрін алда жүргендер жинап алды)

12. Әже Астанаға бара жатты. Жолда келе жатқан 3 баланы кездестірді. 3 баланың иығында 1 қапшықтан. Әр қапшықта 1 мысық бар. Астанаға бара жатқан адам саны нешеу? (1. Астанаға бара жатқан тек әже)

13. Жылдың неше айында 28 күн бар? (Барлық айда)

14. Орманда емен ағашы өсіп тұр. Оның 3 бұтағы бар. Әр бұтағында 5 алма бар. Ағашта неше алма бар? (0. Емен ағашында алма өспейді)

15. Сіз Астанадан Ресейге ұшқан ұшақта ұшқышсыз. Ұшу уақыты - 2 сағат. Ұшқыштың жасы нешеде? (Сіздің жасыңыз)

Сая
21 Қараша, 16

Мектепалды даярлық тобына арналған логиқалық тапсырмалар:

1. Арман ермексаздан 4 қоян жасады, Ал Майра біреу жасады. Екеуі неше қоян жасады? (5)

2. Сөреде 5 қызыл пиала және 1 көк пиала тұр. Сөреде неше пиала тұр? (6)

3. Айдын Асқардан көңілдірек. Ал Асқар Асланнан көңілдірек. Ең көңілді кім? (Айдын)

4. Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысыққа қарсы 3 мысық отыр. Бөлмедегі мысық саны нешеу? (4)

5. Қандай ыдыстан ештеңе жей алмайсың? (Бос ыдыстан)

6. Жануардың 2 оң аяғы, 2 сол аяғы, 2 артқы аяғы, 2 алдыңғы аяғы бар. Жануардың неше аяы бар? (4)

7. Бос стақанда неше жаңғақ бар? (Жаңғақ жоқ. Себебі стақан бос)

8. Үстелде 4 алма жатты. Бір алманы алып, 4 бөлікке бөліп, қайтадан орнына қойды. Неше алма қалды? (4)

Ұстаздарға категориясындағы басқа сұрақтар
0
Дариха
1 ай бұрын пайда болды

“Қана” ма әлде “ғана” ма?

Бала емес ересектеу екенбіз,

Дайын аспен, уйімізге бөтенбіз,

Бауыр менен ата-ананы сағынсақ,

Барып қайтар қонақ ғана

екенбіз.- осы өлеңде қонақ - "ғана" дұрыс жазылған ба? немесе дұрыс -" қана" - сөзі жазылу қажет пе?

0
Marzhan
3 жылы бұрын пайда болды

«Тәрбие» сөзіне көптік жалғау жалғана ма?

2
Кәрмен
6 жыл бұрын пайда болды

Рухани жаңғыру тақырыбында сабақ жоспары бар ма?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Қазақ тілі туралы шығарма бар ма?

2