БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Менің сүйікті мейрамым" шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Ерке
21 Қараша, 16

(Жалғасы) Қыстан аман шыққан халық шаттанып, бір-бірімен көрісіп, жақсылықтар тілеп, өкпелескендері бір-бірінен кешірім сұрап, арқа қағысатын болған. Жастар алтыбақан құрып, түн ортасына дейін сауық-сайран құрған. Дүбірлі мерекеде "Аламан", "Қыз қуу", "Күрес", "Көкпар", "Ақсүйек", тағы да басқа ұлттық ойын түрлері ойналып, әншілер ән айтып, ақындар айтысып, бишілер би билеп көңіл көтерген. 

Сонымен қатар, наурыз мейрамында ағаш отырғызып, бұлақтың көзін ашып, табиғатқа қамқорлық танытатын болған. Үлкен адамдар жастарға, кішкентай балаларға бата беріп, өмірлерінің көктемдей көктеуін тілеген. 

22 наурыз - халқымыздың ешқашан құндылығын жоғалтпайтын ұлттық мейрамы.

Ерке
21 Қараша, 16

(Жалғасы) Қаншама адамдардың қанын төгіп, тағдырын қиған зұлмат соғыс аяқталып, адамдардың еңсесі тіктелеген күнді біз ерекше құрметтеп, соғыс ардагерлеріне барып, аман-саулық сұрасып, оларға көмектесуге тырысамыз. 

Көктем мезгіліндегі мейрамдар ішінде айрықша жақсы көретін мейрамым - наурыз мейрамы. 22 наурыз - қазақ халқының мейрамы.  Ол мейрамда бар адам күліп-ойнап, бір-біірне жақсылық, бақыт тілейді. 

Баяғы замандарда жаңа жылды дәл осы күні тойлаған. Бұл күннің шығыс халықтарында жаңа жыл есептелуі күн мен түннің теңелуіне байланысты. Көктем келіп, күн жылынып, жасыл шөп көктеп, ағаштар бүр жарып, құстар оралып, мал төлдей бастаған күн ел үшін шаттық пен қуанышқа толы болған. 

Бұл күні жасалатын басты тағам - наурыз көже. Оның құрамына су, ет, айран, тары, бидай, қатық, тұз сияқты жеті түрлі азықтық заттар қосылады. Дәл наурызда жасалатын бұл ұлттық тағамның дәмі тіл үйіріп қана қоймай, денсаулығымызға да үлкен пайдасын келтіреді. Дастарханға наурыз көжеден басқа, ет, қымыз, сүт, бауырсақ, шелпек, құрт, жент және тағы да басқа ұлттық ас түрлері қойылады. 

Ерке
21 Қараша, 16

Менің сүйікті мейрамым

Өлкемізге көктем мезгілі келісімен ағаштар гүлдей бастайды. Құстар жылы жақтардан оралып, шықылықтап ән салады. Гүлдер де ашылды. Дала толы бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ата-әжелерімізбен тауға барып, қыр гүлін терген қандай тамаша!

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Наурыз айында мерекелер өте көп. Бұл айда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 22 наурызда болатын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы сынды мейрамдар бар. Біз аналар күні аналарымызға, әжелерімізге, ұстаздарымызға, жеңгелеріміз бен әпке-қарындастарымызға түрлі сыйлықтар сыйлаймыз. Ал Наурыз мейрамында , үйіміз бен қоршаған ортамызды тазалап, көшет отырғызып, бұлақ көзін ашып, ұлттық дәстүрлерімізді жандандырып, көппен бірге той тойлаймыз. Бұл күні адамдар бір-бірімен жүздесіп, өкпелескендер реніштерін тарқатып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, наурыз көже жасалады. 

Мамыр айы келгенде 1 мамыр - бірлік күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - жеңіс күні тойланады. 9 мамыр - үлкен мереке. Бұл күні Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткенбіз. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?