Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Мәскеуде салмағы 300 келі ер адам көз жұмып, бір топ құтқарушылар терезеден шығаруға мәжбүр болды
Астанада коммуналдық қызметкерлер елорда тұрғындарына үндеу жасады
Иран мен Израильдің толассыз шабуылдары, Грузиядағы наразылық, Дубайдағы су тасқыны: Әлем жаңалықтарына апталық шолу
Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті қылмыстық топ құрамындағы қазақстандық азаматты ұстады
Жаһандық жылынудың әсері: Румынияда екі апталық аптап ыстықтан соң боран соғып, қыс қайта келді
Екі досымен отырыста болған: Ақтауда 18 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті
Жерде күшті магниттік дауыл тіркелді
Желіде Атырау қаласының әкімінің кенеттен көз жұмғаны туралы ақпарат тарады
СҚО-дағы көлде балық қырылып жатыр (видео)
Астанада ер адам өзін-өзі өртеп жіберген (видео)
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
Қыз сынына қалай дайындалуға болады?
0
Aida
2 апта бұрын пайда болды
Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады?
Қайырлы күн!
Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?
Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады?
Рахмет
2
1
2
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Қыз сыны көбіне "Өнер көрсету", "Сұрақ-жауап", "Ойын ойнау", "Ас әзірлеу" немесе "Шеберлік" және "Сәнді киім" сынды кезеңдерден тұрады. Бұлардың әрқайсысынан сүрінбей өту үшін, барынша дайындалғаныңыз дұрыс.
"Өнер көрсету" кезеңіне қолыңыздан келетін, бейімділігіңіз бар өнер түрін таңдағаныңыз жөн. Ән салып, би билеп, театрландырылған қойылым қойып, мәнерлеп өлең оқып не ақындық дарыныңызды көрсетуіңізге болады. Бұл тізім мұнымен шектелмейді. Киім тігіп, әдемі киім не бұйым тоқып, сумоншақтан түрлі әшекей-бұйымдар жасауыңызға да болады. Бастысы, аталғандардың қайсысын таңдамасаңыз да, күш-жігеріңізді салып дайындалыңыз.
"Сұрақ-жауап" сайысында көбіне салт-дәстүр, мақал-мәтел, Қазақстан тарихы не қазақ әдебиетінен, ұлттық тағамдар мен тұрмыстық шаруаларға байланысты сұрақтар қойылып жатады. Сондықтан да кітап бетін ақтарып, өз ұлтыңыздың асыл мұраларына ден қойыңыз. Бұл мәліметтер тек аталмыш сайысқа ғана емес, күнделікті өміріңіздге де керек. Сонымен қатар, ұлтымыздың мұраларын әр қазақ білуі тиіс.
"Ойын ойнау" кезеңінде түрлі ойын түрлері ойнатылуы мүмкін. Бұл жерде өзіңіздің ептілігіңіз мен ұтқырлығыңыздың көмектесері анық.
Келесі кезең "Ас әзірлеу", ол болмаса, "Шеберлік" болуы мүмкін. "Ас әзірлеу" кезеңінде кейде үйден арнайы дайындап келген тағамдарды таныстыру орын алса, кейде сол арада қалаған тағамыңызды жасау ұсынылады. Кезеңнің ұтымдылығы қандай тағам жасайтыныңызды алдын-ал өзіңіз таңдай алуыңызда. Сондықтан тағам рецептілеріне көз жүгіртіп, көңіліңіз қалаған тағамдарды үйде дайындап көріңіз. Жақсы шыққанын не дәмі өзіңізге айрықша ұнағанын сайыста әзірлеуге таңдап алғаныңыз ләзім. Ал "Шеберлік" кезеңінде ою-өрнек ою, қағаздан бұйым жасау, кесте тоқу сынды тапсырмалар берілуі мүмкін.
"Сәнді киім" кезеңінде ұлттық киімдерімізді не болмаса басқа да көйлектерді киіп шықсаңыз болады. Сонымен қатар, көйлекті қағаз, газет-жорнал, пакет, жылтыр қағаз және т.б. материалдардан жасағаныңыз өте ұтымды болмақ.
Сонымен, "Қыз сынында" кезігетін кезеңдерге қысқаша шолу жасадық. Бұдан кейінгісі - өз қолыңызда! Барыңызды салып дайындалсаңыз, сайыстан бірінші орын алып, көпті тәнті етеріңіз анық. Олай болса, іске сәт!