Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қыз сынына қалай дайындалуға болады?

Талқылау
Пікір
Айсұлу
03 Наурыз, 16

Қыз сыны көбіне "Өнер көрсету", "Сұрақ-жауап", "Ойын ойнау", "Ас әзірлеу" немесе "Шеберлік" және "Сәнді киім" сынды кезеңдерден тұрады. Бұлардың әрқайсысынан сүрінбей өту үшін, барынша дайындалғаныңыз дұрыс. 

"Өнер көрсету" кезеңіне қолыңыздан келетін, бейімділігіңіз бар өнер түрін таңдағаныңыз жөн. Ән салып, би билеп, театрландырылған қойылым қойып, мәнерлеп өлең оқып не ақындық дарыныңызды көрсетуіңізге болады. Бұл тізім мұнымен шектелмейді. Киім тігіп, әдемі киім не бұйым тоқып, сумоншақтан түрлі әшекей-бұйымдар жасауыңызға да болады. Бастысы, аталғандардың қайсысын таңдамасаңыз да, күш-жігеріңізді салып дайындалыңыз. 

"Сұрақ-жауап" сайысында көбіне салт-дәстүр, мақал-мәтел, Қазақстан тарихы не қазақ әдебиетінен, ұлттық тағамдар мен тұрмыстық шаруаларға байланысты сұрақтар қойылып жатады. Сондықтан да кітап бетін ақтарып, өз ұлтыңыздың асыл мұраларына ден қойыңыз. Бұл мәліметтер тек аталмыш сайысқа ғана емес, күнделікті өміріңіздге де керек. Сонымен қатар, ұлтымыздың мұраларын әр қазақ білуі тиіс.

"Ойын ойнау" кезеңінде түрлі ойын түрлері ойнатылуы мүмкін. Бұл жерде өзіңіздің ептілігіңіз мен ұтқырлығыңыздың көмектесері анық. 

Келесі кезең "Ас әзірлеу", ол болмаса, "Шеберлік" болуы мүмкін. "Ас әзірлеу" кезеңінде кейде үйден арнайы дайындап келген тағамдарды таныстыру орын алса, кейде сол арада қалаған тағамыңызды жасау ұсынылады. Кезеңнің ұтымдылығы қандай тағам жасайтыныңызды алдын-ал өзіңіз таңдай алуыңызда. Сондықтан тағам рецептілеріне көз жүгіртіп, көңіліңіз қалаған тағамдарды үйде дайындап көріңіз. Жақсы шыққанын не дәмі өзіңізге айрықша ұнағанын сайыста әзірлеуге таңдап алғаныңыз ләзім. Ал "Шеберлік" кезеңінде ою-өрнек ою, қағаздан бұйым жасау, кесте тоқу сынды тапсырмалар берілуі мүмкін. 

"Сәнді киім" кезеңінде ұлттық киімдерімізді не болмаса басқа да көйлектерді киіп шықсаңыз болады. Сонымен қатар, көйлекті қағаз, газет-жорнал, пакет, жылтыр қағаз және т.б. материалдардан жасағаныңыз өте ұтымды болмақ. 

Сонымен, "Қыз сынында" кезігетін кезеңдерге қысқаша шолу жасадық. Бұдан кейінгісі - өз қолыңызда! Барыңызды салып дайындалсаңыз, сайыстан бірінші орын алып, көпті тәнті етеріңіз анық. Олай болса, іске сәт!

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?