0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Март, 16 от Еркегүл в категории Сән және сұлулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Сұлулық сайысы - тек сырт келбеттің ғана сұлулығы емес. Жұрт тәнті болған ару атанған соң, ең алдымен ішкі және сыртқы сұлулық сай болуы керек. 

Сұлулық сайысына дайындық барысында сәнгерлердің көмегіне жүгініп, өзіңізге сай келетін киім таңдағаныңыз жөн. Сонымен қатар, бетіңізді әрлеп, шаш үлгісін таңдау үшін де мамандардың көмегі қажет. Олар сіздің бітіміңіздің ерекшелігіне сәйкес шаш үлгісін жасап, бетіңізді әрлей алады. 

Сұлулық сайысында сіздің ақылыңыз бен дарыныңыз да бас назарға алынады. Кітаптарды көп оқып, барынша ізденіп, білім алыңыз. Бұл ҰБТ болмаса да, "Ақылына көркі сай" деген баблар сөзін естен шығармағаныңыз жөн. 

Ал сайыста көрсететін өнеріңізге келер болсақ, өзіңіздің қай өнер түріне бейіміңіз болса, соны ұтымды әрі ерекше етіп көрсетуге тырысыңыз. Дауысыңыз жақсы болса, ән айтыңыз. Биге икемді болсаңыз, би билеңіз. Актерлық шеберлігіңіз болса, театрландырылған қойылым қоюыңызға да болады. Сонымен қатар, ақындық қырыңызды, өлеңді мәнерлеп оқу шеберлігіңізді, түрлі аспаптарда ойнау қабілетіңізді танытсаңыз да болады. 

Ең бастысы, сыртқы сұлулығыңызға мән беремін деп жүріп, жан-дүниеңізді ұмыт қалдырмасаңыз болғаны.

ответил 02 Март, 16 от Жұлдыз