Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қандағы гемоглобин деңгейін қалай көтеруге болады?

Қандағы гемоглобин деңгейін көтеру жолдарын білесіздер ме?
Талқылау
Пікір
20 Қаңтар, 17
Гемоглобинді көтерудің ең тиімді жолы күніне екі рет таңғы және кешкі астан соң шұбатқа әсел қосып ішу. Он күннен кейін анализ тапсырып қараңыз. Гарантия 100 %.
Алина
22 Қараша, 16

Дәрігер не істей алады?

Емделушінің жағдайын анықтап, қаназдықтың себебін анықтап, ем тағайындау үшін талдау және тағы басқа тексеру түрлерін белгілейді. 

Егер қаназдық мына себептермен  байланысты болса: 

  • темір жетіспеушілігімен. Дәрігер құрамында тімірі бар дәрі-дәрмектер тағайындайды. Ал қаназдықтың себебін анықтау арқылы оны емдеу шараларын қолданады.
  • В12 дәруменінің жетіспеушілігімен. Сізге В12 дәруменінің инъекциясын тағайындайды.
  • балаларда қаназдық ішектің паразиттермен, ішек құртымен зақымданумен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда паразитке қарсы ем жүргізіледі.
  • қан көп жоғалған жағдайда дәрігер науқасқа ауруханада қан құя алады.

Жүкті әйелдердегі қаназдықтың алдын алу және емдеу үшін дәрігер құрамында темір, фолий қышқылы бар дәрі-дәрмектер тағайындайды.

Алина
22 Қараша, 16

Қандағы гемоглобин деңгейін көтеруге арналған кеңестер

Тағам үлесіне көбірек жасыл көкөніс, салат, көк шөп қосыңыз. Ол фолий қышқылын қажетті мөлшерін алу үшін қажет. Көптеген дәнді дақылды таңғы астардың құрамында фолий қышқылы бар. Темірмен байытылған тағамдар да қаназдықта көмектеседі. Бұл ретте құрамында кофеин (шай, кофе, кола) бар сусындардан бас тарқаныңыз жөн. Әсіресе, оларды тамақтану уақытында ішпеген жөн. Себебі кофеин темірдің сіңуіне кедергі жасайды. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?