Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шәңгерей Бөкеевтің өлеңдері бар ма?

Талқылау
Пікір
Нартай
22 Қараша, 16

Жылдарда жыл болады бағызы-бағызы

Жылдарда жыл болады бағызы-бағызы, 
Келеді наурызда елдің жазы.
Алабын Көлборсының сулар алса,
Сыңқылдап қонар көлдің үйрек, қазы.
Ойнақы мініп атқа, ал қаршыға,
Зер қарғы сылаңдасып ерсін тазы.
Көлдерге ат ойнатып, тарлан ұшыр,
Жігіттің жігер туған бұл шандозы.
Жастықта жігіт адам жігер болса,
Қайт болмас қалқасына еткен назы.
Құлаққа киген сырға есітілсін,
Құс салып кешкі соққан дауылпазы.
«Кешегі қалқам-ау» деп мойын толғап,
Ісіне қалқасының болсын разы.
Борсыда жалғыз жатып ән саламын,
Сіздерге ұнай ма екен әнім сазы?
Адамнан артық ажар, ақыл, айлаң, 
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан.
Адасқан арық қудай болдым асық,
Айдындай ақ төсіңе, асыл айнам!

Данияр
22 Қараша, 16

Бұл дүние панилығын етеді екен

Бұл дүние панилығын етеді екен, 
Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен. 
Жұрт болар бір күндегі жоқ адамдар,
Ескілер бірден бірге кетеді екен.
Өзіне халық аузын қаратқан ер,
Тіріге өлсе қадірі кетеді екен.
Өлгенді қадір етсек, қанға рауа,
Рухын құрмет қылсақ нетеді екен!
Қанға еріп адам болған туғандары
Жылында барып дұға ете ме екен?
Шайтанға шаршап тұрған ат бергенің -
«Тамұққа жақынымды жақ!» дегенің.
Жыланды жолда жатқан соқпай кетсен -
Тап болған бір ғаріпті шақ дегенің.
Кең сарай сахара да өтті күнім,
Тас болат, тар қапада шықпайды үнім.
Жалғыздық жанға батса, шер тарқатқан
Қобыздай күңіренген қайран тілім!

Еңлік
22 Қараша, 16

Ғылым

Оқысаң ғылым қорын білім асар, 
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Мас болған біліміне кейбір жастар,
Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар.
Апыр-ай, кімге аян бұл жиһанның
Белгісіз ұлылығы - асқар-асқар!?

Жадыра
22 Қараша, 16

Сұңқардай шалықтаған тас ұяның

Сұңқардай шалықтаған тас ұяның,
Болжаған жер қиянын, ер қиялым.
Мерт болған арыстандай айға шапшып, 
Қайғылық айтып болғаншер қиялым.
Жер жебір, жермен жексен болайын деп
Сен тұрсың кезеңінде пан дүниенің.

Сәуле
22 Қараша, 16

Жігіттің болса алған жақсы жары

Жігіттің болса алған жақсы жары, 
Сен болсаң бір Аллаға еткен зары.
Баладай риясыз еркелеген,
Сен болсаң тағы сонда ынтызары.
Құлқыны құмарланып құшқаныңда
Шайқалып тұрса алтын сырғалары...
Камшаті барқыт төбе қырын киген
Қадалса империал һәм динары.
Ақылы жамалына болса лайық,
Жігіттің сол емес пе жан дидиры?
Көлдерге ат ойнатып, құс шүйгенде,
Адамның болса әзілдес құрбылары.
Болғанда жарын сондай, құрбың мұндай,
Боз балалар деп біліңіз бағың бары.
Делбеймін көңілімді жалғыздықтан
Бір хақ деп қашаннан да жалғыз жары.

Азат
22 Қараша, 16

Қайран жерім

Әр түрлі өлең өсіп көгеріңкі 
Мақпалдай төсеп салған қайран жерім.
Мақпалдай көгеріңкі төсеп салған,
Жәннеттей десем мислі емес жалған.
Жап-жасыл жер жүзінің қоштығына
Аспанда торғай шырлап еткен сайран.
Бір сағат сап ауасын татқан адам
Табады неше түрлі дертке дарман.
Сәйір етіп аруменен жүрсең мұнда,
Көкіректе қалмас еді-ау титтей арман.

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы