0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Март, 16 от Дулат в категории Үйлену тойы

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Қазақ өмірін тойсыз елестету қиын. Оған кеткен ақша мен дүниені санап жатқан да ешкім жоқ. Әсіресе, екі жастың шаңырақ көтеру тойы аз емес соманы талап етеді. Жұрт қатарынан қалмай дүркіретіп той жасау үшін, бар ақшаңды жұмсап қана қоймай, ағайын-тумалардан қарыз алып, банктен несие алатынымыз өтірік емес. Десе де, бүгінгі қоғамда той жасамай үйленуге бола ма?

Ғаламтор беттерін ақтара отырып, көптеген қыздардың тойсыз отбасын құруға қарсы екенін аңғарамыз. Өмірінде бір рет ақ көйлек киюді армандайтын қыз баласының кейбірі дүркіреген той болмаса да, жақындардың арасында ғана той жасауды ұсынған.

Бұл пікірлерден кейін нәзік жандылардың түсінігінде "дүркіреген той", "ақ көйлек" сынды ұғымдардың мызғымастай орын алып, той болмаған жағдайда жүрегінде кірбің қаларын аңдаймыз. Сондықтан да екі жақ келісіп жатса, тек жақын адамдардың қатысуымен шағын той жасауыңызға болады. Кей ата-аналар жігіт жағын түсініп, қалың мал, киіттен де бас тартып жатады. Мұның өзі, қарап тұрсаң, кәдімгідей жеңілдік. 

Әр адамның тағдыры әр басқа. Осы себепті бұл мәселені екі жақтың келіскені абзал. Ал ғаламторда кім не демейді? Бастысы - сүйгеніңіз бен оның ата-анасының түсінігі.

ответил 02 Март, 16 от Мақпал