0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Март, 16 от Талғат в категории Әртүрлі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Андроид платформасындағы телефондар күн сайын арзандап келеді. Бүгінгі күн ең жақсы деген қалта телефонының бағасы шамамен 200 доллар тұрса, арзан қытайлық ұялы телфондар олармен салыстырғанда су тегін бағаға сатылуда. Бірақ, жақсы мейрамханада тойып кешкі ас әшуге болатын ақшаға қытайлық арзан телефон алуға тұрарлық па? Мен сізге нақты "Жоқ!" деп жауап бере аламын. Оның себебі де жоқ емес. 

Арзан қытайлық телефондардың кемшіліктері:

  • Төмен сапалы тачскрин. Андроид платформасындағы арзан смартфондар жақсы дисплеймен жабдықтала бермейді. Оның себебі де түсінікті. Ең жақсы деген арзан смартфонның дисплейінің мүмкіндігі HVGA-дан аспайды (480х320 пиксельден төмен). Мұндай дисплей жазу мен суреттерді анық бере алмайды. Сонымен қатар, аталмыш дисплейдің сезу және нұсақауыңызға жауап беру қабілеті де төмен. 
  • Процесоордың баяулығы мен аз көлемді оперативті жады.  Арзан смартфондар жұмыс істеу жиілігі 1 ГГц-тен аспайтын 1 ядролы процесоормен жабдықталады. Көбіне оперативті жады 512 Мб-тан аспайды. Мұндай смартфонды сатып алсаңыз, жүйенің, жеке қосымшалардың баяу қызмет етуінен жүкеңізді тоздырасыз. Әсіресе, әлдекімге шұғыл қоңырау шалу керек болғанда немесе дереу ғаламтордан ақпарат қажет болғанда төзіміңіздің таусылары анық. 
  • Арзан телефондар тиісінше арзан материалдардан құрылады. Сондықтан уақыт өте келе телефоныңыздың кей бөлшектері сынып, сыртқы қабы сықырлап, дисплейге не сыртқы қабына алғашқы күндерден сызат түсе бастауы мүмкін. Оның себебі телефонның арзан пластиктен жасалуында жатыр.
  • Анроид платформасының ескі нұсқасы. Арзан телефондарда платформаның жаңарып отыруына мән беріле бермейді. Қазіргі көп смартфондар андроид платформасының  Android 4.4 Kit Kat нұсқасында жұмыс істесе де, арзан смартфондар мұндай платформада жұмыс істей алмайды. Олардың мүмкіндігі  Android 2.3 нұсқасында жұмыс істеуден әрі аспауы мүмкін. 
ответил 02 Март, 16 от Айдос