Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жауапкершілік дегеніміз не?

Талқылау
Пікір
Зарина
24 Қараша, 16

Жауапкершілік– адамның белгілі бір іске, тапсырылған міндетке жауапкершілікпен қарап, оны қалай да орындап, жүзеге асырып отыратын адамгершілік қасиеттің көрінісі.

Жауапкершілік біріншіден, адамның міндетті ісін орындап шығу үшін сол жұмыстың мән-жайын жете түсініп, үнемі мезгілінде атқарудың әдіс-тәсілін қарастырады. Екіншіден, орындаған ісінің өзі мен өзгелерге нендей нәтиже беретінін айқын аңғарып, көпшілікке, қауымға тигізетін пайдасын ойластырып, азаматтық борышын орындайды. Үшіншіден, жеке басы мен қоғам алдында атқарған еңбегінің жемісті екеніне көзі жетіп, барлық қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізі еңбек екендігін терең ұғынатын болады. Сөйтіп, қоғам алдында азаматтық борышын атқаруымен бірге, өз басына жүктелген жауапкершілікті орындап шығу кісілік беделді қалыптастырып, іскерлікті шыңдайды.

Жауапкершілік адамның міндетті істі атқаруымен бірге, оның мінезіндегі ерік-жігерін, қайраттылығы мен табандылығын көрсететін ерік сапалары болып саналады.

Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туғантуыстарына, жора-жолдастарына, ұжымдағы қызметтес құрбыларына, жалпы әлеумет алдында беделді кісі деп бағаланып, оның абыройын үнемі көтермелеп, жауапкершілігі күрделі істерді атқаруға сенім артып отырады.

Жауапкершіліктің кері ұнамсыз жағы – жауапсыздық. Жауапсыздық міндетті іске салқын қарап, жүктелген міндетті орындамайды. Ондай адам қоғам алдында абырой-беделге ие бола алмайды. Атқарған жұмысында сенімсіздік тудырып, ісінің шала-шарпылығын бетіне кінә етіп тағады. Жауапкершілік тек мінезде ғана емес, сондай-ақ сезімдерде, қабылдауларда, саналауда, қатынастарда, мінезқұлықтың әртүрлі формаларында көрініс табады.

Жауапкершіліктің негізгі белгілері ретінде тұлғаның өз міндеттерін атқарудағы тиянақтылығын, өз ісі- не адалдығын, сондай-ақ өз әрекеттерінің салдарына жауап беруге дайындығын, шыншылдығын, әділдігін, ұстанымдылығын айтуға болады. Кез-келген міндетті орындау еріктік қасиеттер мен күш-жігерді, табандылықты, ынтаны, батылдықты, шыдамдылықты талап етеді. Ал міндеттер, яғни шартсыз түрде орындалуға тиісті әрекеттер рөлдік функцияларды орындауға байланысты ажыратылады: қызметтік, отбасылық, азаматтық қоғамдық, және т.б. Психологияда тұлғаның жауапкершілік қасиетін анықтайтын субъективтік қадағалау деңгейі ұғымы бар.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
2 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?