Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Махамбет бойындағы өршіл рух" эссе бар ма?

Талқылау
Пікір
Жаңыл
23 Қараша, 16

Махамбет пен оның жолдастарына енді елде жүруге мүмкіндік бермей, қудалау көбейіп, қауіп күшейе түседі. Ел ішінде патша әскерінің шарлауы көбейген соң Махамбеттер шегіне-шегіне Хиуа жағына кетуге мәжбүр болады. Батыр:

Басқа қысым түскен соң

Қайырылмастай күн болды

Қатын менен балаға, - 

деген сөздері осы кезеңді елестетеді. Батыр ақын қуғынға ұшырап, елінен, өз достарының көбінен айырылса да, күрестен бас тартпайды.

Қаһарман ақын әрі күйші, жалынды күрескер Махамбет Өтемісұлы өз заманынан оза туған, халық мүддесі үшін жеке басының рахатын құрбан еткен қадірлі азамат, батыл да өжет қимылдың адам еді. Ол жырымен де, күшімен де озбырлыққа, зорлыққа қарсы аянбай күресті.  

Жаңыл
23 Қараша, 16

Бірақ өз халқының мүшкіл халін көрген патреот ақын өз еліне әділдік, теңдік, бостандық әперу үшін күрес жолына шықты. Ол үстем тап өкілдеріне:

Он екі төбет, шұнақ хан!

Шабатының ел екен,

Күндейтінің мен екем,

Хан ұлына қас болу,

Қара ұлына бас болу

Мендей ерге жөн екен, - 

дейді де, қалың бұқара жағына шығады. 

Ішкі Ордада болған күресті Махамбет өзінің шешен сөздерімен мұндағы шаруаларға да жеткізіп отырды. Шектінің биі Шонты Жамантаевқа Исатайдың балалары мен Сүлейменді ұстап бергені туралы және өз басының халі жайындағы жыры осы 1838 жылдың қысында айтылған. 

Исатай қаза болған соң көтерілісшілер күші тағы да ыдырай бастайды, Сөйтіп оған қатысушылар құрамы әр түрлі бұл көтеріліс басылады. Кейінірек Махамбет шаруалардың басын біріктіріп, қайта көтерілмек болады. Бірақ патша өкіметі көтерілістің өрістеуіне жол бермей, жан-жақтан әскер шығарып, көтерліген ауылдарды қырып-жойып, ауыр жазалар қолданады. 

Жаңыл
23 Қараша, 16

1823 жылы күзде әкесінің тағына отырған Жәңгір Махамбетті өзіне жақындатып, оны сарай ақыны еткісі келеді. Енді бірде оны өзінің Орынборда Неплюев кадет корпусында оқып жатқан Зұлқарнай деген баласының қасына қосып, тәрбиеші етіп пайдаланбақ болады. 

Махамбеттің шағын шаруалы старшиналар қатарында болғаны анық. Оның күн-көріс тұрмысы да оншалық мәз болмаған. Себебі, сұлтандар мен старшиналардың 1836 жылы Орынбор, Орал әскерінің басшыларына берген арыз-мәліметтерінің бірінде Махамбетті көтерілісті ұйымдастырушыларының дәл өзі дей келіп, ол отбасы жоқ, ауылы жоқ адам, Жайықтан өтеді де кетеді, тез оны ұстау керек деген өтініш бар. Бұған қоса айтарымыз, Махамбет өз үйі болмағандықтан туысының үйінде тұрған, атпа айтқанда, інісі Қожахметтің үйінде болған. 

Махамбет ақын, сірә, дүние жинауды мақсат етпеген секілді. Әлеуметтік табы қандай болса да, Махамбет шаруалар табы үшін аянбай еңбек етті, еңбекшілердің мұң-мүддесі үшін өмірін қиды. Егер батыр ақын жеке басының қамын ойласа, оның Байтоқ, Медетбай секілді арай ақыны ретінде өз мүддесімен шұғылдануына болатын еді. 

Жаңыл
23 Қараша, 16

Махамбет Өтемісұлы қазақ халқының тарихи ауыр кезеңінде, ХІХғасырдың басында дүниеге келген. Оның туған жері, туған жылы туралы деректер нақты емес. Орал казак әскері Махамбетті қашып жүргенде 1841 жылы наурыз айында ұстап, оны Орынборға жөнелтерде сырт пішінін және жасы 37-де деп көрсеткен. Бұған сүйенсек - ол 1804 жылы туған болады, кейде солай жазып та келеміз. 

Махамбеттің қарымы - Байұлының Беріш руы. Әкесі Өтеміс, Құлмәлі ауылы Нарын құмының шығыс жағын, Ақшунас, Шағыр шағыл төңірегін мекендегені архивтен белгілі. Ал Махамбеттің туған жері БатысҚазақстанныңЖаңақала ауданындағы Бекетай құмы делінеді.

Сонымен Махамбет 14 жасында әкесінен айырылып, ағалары мен шешесі Қосуанның тәрбиесінде болады. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда Қосуан өжет, есті адам болыпты. Балаларының тәрбиесін өз қолына алған ана оларды адалдыққа, адамгершілікке, бауырмал болуға тәрбиелейді. Қолынан келгенше балаларын оқытады. Махамбет татарша сауатты жаза білген.  Махамбет жас кезінен-ақ ақындығымен көзге іліне бастайды. Ол 10 жасқа жетпей-ақ өлең шығарған секілді. Оның "Түйелі шалға айтқан жауабы" деген өлеңі ел арасында сақталған. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?