Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

АҚШ-тың геосаяси ахуалы туралы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Гүлсезім
24 Қараша, 16

Өнеркәсіп дамуы бойынша 2-3 штат бір сала бойынша мамандандырылған. Мысалы, автокөлік зауыттары 125 қалада бар. Алайда ең көп автокөлік Көл маңындағы өңірдегі мегаполисте шығарылады. 

Мұндай жағдай бойынша АҚШ өңірлеріне мынадай сипат беруге болады. Солтүстік-Шығыс (Нью-Йорк, Вашингтон) - АҚШ-тың қаржы және саяси орталығы. Орталық-Батыс (Чикаго) - ірі өнеркәсіп пен ауылшаруашылық ауданы. Оңтүстік - көп салалы ауыл шаруашылық ауданы. Батыс (Лос-Анджелес, Сан-Франциско) - АҚШ-тың туризм, ғылыми, мәдени және әскери орталығы. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін АҚШ-тың табиғи байлығы мол. 

Гүлсезім
24 Қараша, 16

Жер көлемі бойынша АҚШ әлем елдері арасында 4-орынды иемденеді. Олардың құрамына3 бөлігі кіреді: негізгі аумағы, Аляска, Тынық мұхиттағы Гауай аралдары. Мемлекеттік құрылымы бойынша АҚШ буржуазиялық федерациялық республика. Ол 50 штат пен Колумбия федералдық округынан тұрады. Оның аумағында мемлекет астанасы Вашингтон орналасқан. Тұрғындары саны бойынша АҚШ әлем бойынша 3-орын алады. АҚШ-тағы халық санына үлкен ықпал ететін - халықтың көші-қоны. 

АҚШ - кәдімгі қала агломерациялары мемлекеті. Бүгінде мемлекетте 3 мегаполис бар: Солтүстік-Шығыс, Көл маңындағы өлке және Калифорниялық. АҚШ-тың ауыл халқы көбіне жекелеген фермаларда тұрады. Бүгінгі күн АҚШ эконмиканың көптеген салаларында көш бастап тұр. 

Табиғи ресурстық жағдайы АҚШ өнеркәсібінің дамуына жақсы жағдай жасауда. Бассейндер мен кен шығатын жерлер мемлекет бойынша көп жерлерде кездеседі. Көмір мен мұнай қоры мемлекеттің 30 штатынан астамында бары аңғарылған. 

Қоғам және саясат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Нұрбек
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ қай жылы құрылды?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Дефолт дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Социофобия дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Референдум дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Периферия деген не?