Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жөтелді қалай емдеуге болады?

Талқылау
Пікір
Айжан
23 Қараша, 16

Құрғақ жөтелді басу, ауыз жаппай жөтелуді жеңілдету үшін, көп сұйықтық ішу қажет. Егер дене қызуы көтерілмесе, балаларға аздаған мөлшерде қант қосылған таңқурай, лимон шайын беруге болады. Бұл ретте сұйықтықтың тым ыстық болмауы маңызды. Көптеген аналар балаларына ауыз күйерліктей ыстық шай беріп жатады. Ол көмейді тітіркендіріп, құрғақ, үздіксіз жөтелді күшейтеді.  Егер дене қызуы көтерілсе, аздаған мөлшерде қант пен лимон шырынының бірнеше тамшысы тамызылған жылы шай беруге болады. Ол кеңесті омыраудағы балаға да қолдана аласыз. 

Қатты құрғақ жөтелдің медициналық жолмен емделу керегін естен шығармаңыз. Сіз таңдаған емдік шаралар бала денсаулығына одан әрі зиянын тигізбеу қажет. Дәрігер Комаровский өзін-өзі емдеудің ең тиімсіз әдіс екенін ескерте айтады. Балаңыздың ұзақ уақыт жөтелгенін байқасаңыз, бірден дәрігерге қаратыңыз. 

Айжан
23 Қараша, 16

Құрғақ жөтелден арылу үшін бал, таңқурай, қаражидек қайнатпаларын қолдануға болады. Дәрігер Комаровский балаларға емді өздігіңізден тағайындауға тыйым салады. Егер жоғары тыныс жолдары ауруларын муколитиктермен емдесеңіз, ол құрғаө жөтелді күшейте түседі. Сонымен қатар дене қызуы көтерілсе және бала тоқтамай жөтелсе, бірден дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.

Оған қоса өкпе қабынса немесе жұпалы ауруға шылдықса, мұндай дертті тек маман ғана емдей алады. Дәстүрлі халық емін қолданудың қажеті жоқ.

Балаладағы құрғақ жөтелді жеңілдету үшін бөлме ауасын ылғалдандыру керек. Ауаның ылғалдандыруымен қатар жүрген емдік шаралар қақырық түсуін, құрғақ жөтелді емдеуді тиімді етеді. 

Егер дене қызуы көтерілмесе, таза ауада серуендеудың пайдасы мол. Тіпті, қыс уақыты болса да. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?