БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ұлу туралы деректер бар ма?

Талқылау
Пікір
Айсәуле
25 Қараша, 16

Ұлу туралы деректер:

  • Ұлулардың жүйке жүйесі 20 000 нейроннан тұрады. Салыстырмалы түрде алсақ, адам миында бірнеше жүз миллиард нейрон бар. 
  • Ұлулардың мүйішелері - сыртқа қарай аударылынған мұрын. Адам мұрынындағы иіс сезу рецепторларының бәрі ұлуларда мүйізшеде орналасқан.
  • Ұлулар көре алмайды деп болжанады. Олар тек жарық пен қараңғыны ажырата алады.
  • Ұлулардың 25 000-ға жуық тісі бар. Олар бір қатарда емес, "үккіш" түрінде орналасқан. 
  • Алып ахатина ұлуының зындығы 20 см-ге дейін жетеді. Денесінің үлкендігіне қарамастан, бұл ұлу жүзім ұлуынан да баяу қимылдайды.
  • Жүзім ұлуының ең жоғары жылдамдығы минутына 7 см болады.
  • Ұлудың көптеген түрі - қосжыныстылар.
  • Оңтүстік және оңтүстік-батыс Еуропада ұлуларды тағамдық мақсатта қолданады. Ұлу етіндегі ақуыз тауық етіндегіден көбірек. 
  • Табылған ұлулардың ішіндегі ең үлкен Syrinx aruanus түріне жатады. Оның салмағы 16 кг-ды құраған. Ал "үйінің" ұзындығы 70 см ғана. Бұл су ұлуы. Белгілі болғандай, суда салмақ азаяды.

Жануарлар және өсімдіктер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айдос
1 жыл бұрын пайда болды

Аюлар Қазақстанның қай аймақтарында мекендейді?

 

.

1
Жанар
1 жыл бұрын пайда болды

Түлкінің баласы қалай аталады?

1
Қарлығаш
1 жыл бұрын пайда болды

Балықтар қалай тыныс алады?

1
Шыңғыс
1 жыл бұрын пайда болды

Медуза қалай тыныс алады?

1
Жансая
1 жыл бұрын пайда болды

Ағаш жапырағы жыл бойы қалай өзгереді?