0 интересует 0 не интересует
спросил 24 Ноя, 16 от Жұлдыз в категории Денсаулық

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Анафилаксиялық шок кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Егер науқас емханада болса немесе жәдел жәрдем келіп жетсе, алғашқы медициналық көмек кезеңіне көшуге болады. Бұл ретте көрсетілетін алғашқы көмек мынадай сипатта болады:

  • Жағдайға байланысты адреналиннің 0,1% ерітіндісін тері астына, бұлшықет ішіне немесе көктамырға енгізеді. Осылайша анафилаксиялық шок орын алған жағдайда тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізілген инъекцияға, оғанқоса жәндіктер шағуына жауап ретінде аллерген түскен орынға адреналиннің 0,1% ерітіндісі  (10 мл физиологиялық ерітіндіге 0,1% адреналиннің 1 мл-і) шеңбер бойынша 4-6 нүктеге енгізіледі. Әр нүктеге 0,2 мл-ден болуы тиіс.
  • Егер аллерген ағзаға басқа жолмен түссе, бәрі-бір 0,5-1 мл мөлшерінде адреналин енгізу керек. Себебі бұл дәрі-дәрмек әрекеті бойынша гистаминге керғар болып табылады. Адреналин қан тамрларының тарылуына себін тигізіп,тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді, қан қысымының көтерілуіне көмектеседі. Адреналиннің енгізуге болатын ең көп мөлшері - 2 мл. 


More: http://allergolife.ru/pervaya-pomoshh-pri-anafilakticheskom-shoke/

ответил 25 Ноя, 16 от Мұнар
0 интересует 0 не интересует

Анафилаксиялық шок кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек (Жалғасы)

  • Адреналиннен бөлек науқасқа глюкокортикоидті гормондар - преднизолонның 60-100 мг-ын, немесе гидрокортизонның 125 мг-ын, немесе дексаметазонның 8-16 мг-ын көктамырға енгізуге болады. 0,9% натрий хлоридінің 100-200 мл мөлшеріне араластыру арқылы тамшылату не ағызу арқылы енгізуге болады. 
  • Анафилаксиялық шок негізінде қан арналарындағы сұйықтық жетіспеушілігі болғандықтан, көктамыр арқылы көп мөлшерде сұйықтық енгізілуі қажет. Ересектерге минутына 100-120 тамшы жлдамдықпен 0,9% натрий хлоридінің 1000 мл -ге дейін мөлшерін енгізуге болады. Ал балаларға енгізілетін 0,9% натрий хлориді ерітіндісінің мөлшері дене салмағының әр 1 кг-ына 20 мл-ден болады. 
  • Жедел жәрдем бригадасы науқастың тынысын кеңейтуге жағдай жасап, маска арқылы оттегі ингаляциясын қамтамасыз етуі керек. Егер көмей іскен жағдайда, шұғыл кеңірдекті тесу қажет. 
ответил 25 Ноя, 16 от Мұнар