0 интересует 0 не интересует
спросил 24 Ноя, 16 от Ғалия в категории Білім, ҰБТ

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Бағзы дүние, бағзы замандардан ана уызы - сәбиінің нәрі, тәрбиенің жаны. Ана уызы - уылдырық. Балауыз баланың балбұл жайнап, еміне түсіп, сораптап сорып, қанына тарайтын нәрі. Ол - баланың өн бойына енетін жауһазын, балқаймақ қасиетінің уылжыған уылдырық бәйшешегі, тіршілік бастауы. 

Ананың қаны - баланың бауыр еті. Бауыр етпен бауырласқан уыз-уылдырық шуағы, қуаты, сусындатар тәрбие бұлағы. Сәбиі - балауса құрағы. Ананың уызына жарыған бала - баланың гауһары. Алуа-шекер уыздан бал сүтке айналып, баланың жанына тәлім жамалын тамшылатып, мөп-мөлдір күйінде ендіріп, пәктік пен ақтықтың, ұлттық қасиетінің тамырына жан береді. Жүзге-жүз, көзге-көз түсіп мейірленіп, шуақтанып, жұмақ бағында нұрланады. Бала сезімінің гүл хауызы ашылады. Сәбидің арайлы рауанына ана жүрегі елжірейді. Ана парызын мехнатпен өтек сүтінің құдіреті. 

Емініп-еміп, идіріп-үйіріліп шапағат тылсымында тынықтырады. Жүрек мейірімге тасқындап, жанардан сезімі ұшқындап, маужырап, мамырлап балқып, құшырлана сүйіп, құшағында ұйып, шалқытатын сезім оты - алмауыт бақ. 

ответил 25 Ноя, 16 от Құралай
0 интересует 0 не интересует

(Жалғасы) "Бала - ананың бауыр еті" дегенде, бал сезіммен жаралған, тәлімнен нәр алған балғындықты айтса керек. "Ана сүтімен кірмеген ақыл, Тана сүтімен кірмейді". Ол әлемге аян. Ана сүті - уыздай бауыр еті. Ана - адам. Тана - жануар. Жануардың сүті тек қорек. Салмақтап ой елегінен өткізсең, үлкен даналық. Үлгі, өнеге негізі - ана сүті. Тәлімі тәнті етер ұлттық психология. Ұлттық психология - тектілік. Тектіліктің тегі - ана қаситеі, ата өсиеті, тәлімінде. Ана қасиеті уызында, сүтінде, мейірімінде, тәлімгерлігінде. Тектілік бабадан - атаға, атадан - балаға, анадан - ұл-қызына сабақтаса берілетін тәлім теңізі. Ана сүті уыздан бал таматын, сүттен мейірім-шапағат нұрын шашатын, тәліміне тәнті ететін қасиеттерге ие. Бұл үш қасиет бала қуатына, қасиетіне айналғанда өнеге өседі. Ол -терең даналық, ұлттың оянуы, жауапкершілктің артуы, саналы саналылыққа жетуі. Сонда ғана сипатқа ие.

Ана, бала дүниесі - ерекше сырлы дүние. Ана - абзал жан. "Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың", - дейді. Адамзат баласының шынары - бала,ұрпағы. Сондықтан болар: "Балам - балым, баланың баласы - жаным", - дейді. Ол бал - ана уызы, сүті, қасиеті. 

ответил 25 Ноя, 16 от Құралай