Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тәуелсіздік туралы мақал-мәтелдер бар ма?

Талқылау
Пікір
Бауыржан
30 Қараша, 16

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман.

***

Тәубенің зоры – Тәуелсіздік.

***

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, 

Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.

***

Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, 

Тәуелдінің ырысы жарымайды.

***

Егеменді ел көрікті,
Бетегелі бел көрікті.

***

Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.

***

Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.

Нұрлан
30 Қараша, 16

Тәуелді елдің иті де төмен қарап үреді.

***

Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл.

***

Отан - оттан да ыстық.

***

Туған жердің түтіні ыстық,

Туған елдің күтімі ыстық.

***

Егемен елдің еңсесі биік.

***

Тәуелдінің соры қалың, тәуелсіздің бағы басым.

Мақал-мәтелдер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Келін туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Өтірік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Ақиқат туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Көрік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Жанұя туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?