0 интересует 0 не интересует
спросил 29 Ноя, 16 от Еркін в категории Денсаулық

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Жедел көмек сөрсету керек жағдайда көрсетілетін медициналық көмектің негізгі 4 ережесі бар: оқиға болған орында тексеру, зардап шеккенді алқашқы қарау, "жедел жәрдем" шақыру, зардап шеккен адамды екінші рет қарау. 

Оқиға орнын тексеру. Оқиға орнын тексерген кезде зардап шеккен адамның, сіздің және айналаңыздағылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін заттарды қарап шығыңыз: ашық электр сымы, қирандылардың құлауы, қарқынды жол қозғалысы, өрт, түтін, зиянды бу, жағымсыз ауа райы, су тередігі немесе ағыс жылдамдығы және т.б. Егер сізге қандайда бір қауіп төнсе, зардап шегушіге жақындамаңыз. Бірден "жедел жәрдем" немесе құтқару қызметін шақырыңыз. 

Зардап шегушіні алғашқы қарау. Алғашқы қарау кезінде тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйесінің қандай күйде екенін тексеріңіз. 

ответил 30 Ноя, 16 от Орынғали
0 интересует 0 не интересует

"Жедел жәрдем" шақыру. "Жедел жәрдем" кез-келген жағдайда шақырылуы тиіс. Әсіресе, зардап шегуші ессіз күйде болса немесе ақыл-есі өзгермелі деңгейде болса, тыныс алуымен қиындықтар, кеуде тұсында ауырсыну немесе қысым сезінсе, тамыр соғысы болмаса, көп қан кетсе, іші қатты ауырса, қан аралас құсық немесе бөлінетін заттар болса, улану, тырыспа, басы қатты ауру және тілі түсініксіз болу, бас, мойын немесе арқа жарақаты, сүйек сынуы, қозғалуының аяқасты бұзылуы болса. 

Зардап шегушіні екінші рет қарау. "Жедел жәрдем" шақырғаннан кейін және зардап шегушінің ахуалы өміріне қауіп төндірмейтініне көзіңіз жеткеннен соң, екінші рет қарау кезеңіне өтеді. Зардап шегуші мен оқиға орнындағы адамдардан қайтадан болған оқиға жайлы сұраңыз. Оның тірілігінің белгілерін тексеріп, жалпы бақылау жүргізіңіз. Тірілік белгілеріне тамыр соғысының болуы, тыныс алу, қарашықтың жарыққа жауабы және ес деңгейі кіреді. 

ответил 30 Ноя, 16 от Орынғали