Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Әлия" әнінің сөзі бар ма?

Талқылау
Пікір
Перизат
30 Қараша, 16
Әлия
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен
Аққу құстың бейнебір баласындай
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Әлия - батыр қызы сен халқымның
Әлия - ару қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан
Саған күнде жазылған көркем дастан
Саған күнде құшағын көктем ашқан.

Әлия - ару қызы сен халқымның
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып
Туған жердің төсінде мәңгілікке
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.

Әлия - ару қызы сен халқымның
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы сен даламның!
Құттықтау тілектер категориясындағы басқа сұрақтар
1
4
Ержан
7 жыл бұрын пайда болды

Наурызға арналған бата білесіздер ме?

4
Жансая
7 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мейрамына арналған тілектер бар ма?

5
Нұрсұлтан
7 жыл бұрын пайда болды

Көктем туралы өлеңдер бар ма?

3
Досан
7 жыл бұрын пайда болды

Ана туралы әндер бар ма?