Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бұлшық еттің қандай түрлері бар?

Талқылау
Пікір
Данышпан
05 Желтоқсан, 16

Бұлшық еттер пішіні бойынша да бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгі түрлері:

1. Ұзын. Негізі дене ұштарында (аяқ, қол) орналасады.Олардың пішіні ұршық тәрізді. Әр бұлшық ет үш бөлікке бөлінеді: ортаңғы бөлігі - қарын, бас жағы - басы, бас жағына қарсы ұшы - құйрығы. Олардың сіңірі таспа тәрізді пішінге ие. 

2. Қысқа. Олар қозғалыс құлашы тым үлкен болмайтын жерлерде орналасады. Олар - жекелеген омыртқа қосылатын, омыртқалар мен сүйектер арасындағы орындар.

3. Жалпақ. Олар дененің жоғары бөлігінде, қол, аяқтың білдеулерінде болады.Олардың сіңірлері кеңейген. жалпақ бұлшық еттер қозғалыс қызметін ғана емес, тірек және қорғаныс қызметтерін атқарады.

4. Басқа пішінді бұлшық еттер: шаршы, дөңгелек, дельта, трапеция, ұршық, өркеш пішінді және т.б. 

Данышпан
05 Желтоқсан, 16

Адам бұлшық еттерінің классификациясы негізгі үш түрін көрсетеді: көлденең белдеуленген қаңқа бұлшық еттері, көлденең белдеуленген жүрек бұлшық еті (миокард) және біріңғай салалы бұлшық ет. Қан тамырлар мен ішкі қуыс ағзалары біріңғай салалы бұлшық еттерден тұрады.

Көлденең белдеуленген бұлшық еттер сүйектерді қозғалысқа келтіріп, ауыз, кеуде, құрсақ қуысы қабырғаларының қалыптасуына ықпал етеді. Олар көз қосалқы бөліктерінің құрамына кіреді және есту сүйекшелеріне әсер етеді. Қаңқа бұлшық еттері қызметі адам денесінің тепе-теңдікті сақтауын, кеңістікте қозғалуын, тыныс алу және жұту әрекеттерін жасау, ым-ишара жасауды қамтамасыз етеді. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?