Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Бабам тілі - мәңгілік" шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Аяла
05 Желтоқсан, 16

(Жалғасы) Тілді, ол тілдің иесі - халықты сыйлау үшін көп нәрсе керек емес. Ол үшін ең алдымен сол халықтың тілінде сөйлеу керек, сол тілде оқып, сол тілде жаза білу керек. Сонда ғана сен оның қадір-қасиетін, құдіретін көп ұзамай өзің де сезінетін боласың. Тіпті сол тілде ойланып, сол тілде түс көретін, осы тілде ән шығаратын дәрежеге қалай жеткеніңді байқамай да қаласың. 

Тіліміздің ұзақ жасауына үлес қосу үшін тілге деген қажеттілік туғыза білуіміз қажет. Тек мемлекеттік тілде сөйлеп, өзге ұлт өкілдеріне де қазақша жауап бергеніміз дұрыс. Бұл - ұлтшылдық емес. Қайта мұнымыз оларға көмек, жәрдем болады. Егер осылай еткен болсақ, тілдік орта туғызып, олардың мемлекеттік тілді тез үйренуіне жағдай жасаймыз. 

Қазақстанда тілімізді мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру деген сөз - Қазақстан мемлекетінің іргетасын берік ету деген сөз. Олай болса, қазақ тілін өмірдің барлық салаларында кеңінен қолданып, оның мәртебесі мен мерейін көтеру, оны дамыту ең басты міндетіміздің бірі болуға тиіс. Бабам тілі - мәңгілік. Оның мәңгілік жасауына әрбіріміз үлес қосуымыз керек. 

Аяла
05 Желтоқсан, 16

Бабам тілі - мәңгілік

Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі. Ол - егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 

Мемлекеттік тіл дегеніміз - сол мемлекетте тұратын барлық халыққа ортақ, күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылатын тіл. Мемлекеттік тілдің 50 шақты қызметі болады. Олардың бәрін санап шығу мүмкін емес. Дегенмен мемлекеттік тілдің басты қызметтері ретінде оқу тілі, оқыту тілі, ғылым тілі, іс-қағаздар тілі, газет-журнал тілі, театр тілі, әдебиет тілі, өнер тілі, ауызекі сөйлеу тілі деген сияқты т.б. тілдердің болатындығын атамай кетуге болмайды.

Тіл халықтың ең басты және ең үлкен белгісі. Кез-келген халықтың өз тілі болады. Өз тілі жоқ халық жоқ. Сол себептен де ғалымдар: "Тіл - халықтың жаны", "Халық бар жерде - тіл бар, тіл бар жерде - халық бар. Олар бірінсіз-бірі болмайды", - дейді. Шындығында да, тілсіз халық болмайды. Ендеше, тіліңді жоғалтыу деген - халқыңды жоғалту. Әрбір адам үшін өз халқын жоғалтудан қасіретті нәрсе жоқ. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?