Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Достық туралы ертегілер білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Мағрипа
06 Желтоқсан, 16

- Тырна достым, мен мына өзеннен басқа ештеңе көрмедім. Ал сен аспанда ұшып, жоғарыдан бәрін көресің. Мені өзіңмен ала кетіп, әлемді көрсетші, - деді бақа аяқастынан. 

- Бірақ сен қалай ұшасың, бақа? - деді тырна. - Сенің қанатың жоқ қой. 

- Қанатымның болмағанында тұрған не бар? Мені қанаттарыңның арасына отырғызасың. Мен мықтылап ұстап отырамын, сен аспанға алып ұшасың, - деді бақа.

Тырна бақаны ойынан айнытуға қанша тырысқанымен, бақа айтқанынан қайтпады. Тырна бақаны қанатының арасына отырғызуға мәжбүр болды. Сөйтіп өзен үстіне көтерілді. Көтерілген сол-ақ еді, бақа тырнаны мығым ұстай алмай, төменге ұшып түсті. Қайта суға түсіп, еш жерін мерт қылып алмады. Тырна өзенге қарай ұшып келіп:

- Мен ескертпедім бе? Екеуіміздің достығымыздан ештеңе шықпайды. Өз теңіңнен дос болмау басыңды бәлеге қалдырады дейді емес пе. 



 

Мағрипа
06 Желтоқсан, 16

Тырна мен бақаның достығы

Бірде тырна өзеннен су ішіп тұрды. Сол кезде судан бақа атып шықты. Ол:

- Достым, тырна. Екеуіміз дос болайық!

- Тыңда достым, бұл достықтан ештеңе шықпайды, - деді тырна. 

- Неге? - деп сұрады бақа.

- Себебі сен су астында өмір сүресің, ал мен бұлттар үстінде ұшамын. Саған қонаққа бара алмаймын - тұншығып қаламын. Сен де менімен ұша алмайсың - қанатаың жоқ, - деді тырна. 

- Жоқ, сен өзенге кел. Мен өзім шығамын. Осылай кездесіп тұрамыз, - деді бақа.

Тырна келісіп, екеуі дос болды. Ол кейде өзенге бақамен көрісу үшін келіп тұрды. Арада біраз уақыт өтті. Бірде екеуі кездесіп, жайбарақат әңгіме құрды.

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы