0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Дек, 16 от Сұлу в категории Құттықтаулар және өлеңдер

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Шырша жыры

1. Кәне, достар, тұрмайық,

Қарсы алайық жыл басын.

Қызықтан бос қалмайық,

Шырша жыры самғасын.

Қайырмасы

Ал, достарым, келіңдер,

Келді Аяз атамыз.

Биге билеп беріңдер.

Шырша жырын айтамыз.

Шырша жырын айтамыз.

2. Құтты болсын жаңа жыл,

Шыршамыз тұр жараса.

Жанында Аяз ата жүр

Қуанады балаша.

Қайырмасы

3. Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын.

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын.

Қайырмасы

ответил 10 Дек, 16 от Айбек