0 интересует 0 не интересует
спросил 13 Дек, 16 от Марал в категории Құттықтаулар және өлеңдер

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Жаңа жылдық тілектер

Тауық жылық құтты болсын,

Үйіңіз шаттыққа толсын,

Береке, тыныштық кетпесін,

Жолыңыз болып, бағыңыз жансын!

***

Тауық жылы жарқын болсын,

Сыйлыққа бақыт ала келсін.

***

Тауық жылы әр күніңіз

Шаттық, бақыт, табысқа толсын.

Жарқын болсын өміріңіз,

Қалта толы ақша болсын!

***

Үйіңізге тауықпен бірге бақыт пен қуаныш келсін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын! Жылдан-жылға аман-есен жетіп, ұзақ өмір сүріңіздер! Жаңа жыл құтты болсын!

***

Жаңа жылмен, Тауық жылымен құттықтаймын! Бұл жылдың символы үйлеріңізге береке-байлық, шаттық пен қуаныш, мықты денсаулық, табыс алып келсін! Жаңа жылда арман-мақсаттарыңыз орындалып, мақсатыңызға жетіңіз!

***

ответил 04 Янв от Оралхан
0 интересует 0 не интересует

Жаңа жылдарыңызбен! Қуаныш, бақыт, сәттілік, табыс, махаббат мен шаттық тілеймін! Тауық жылы жолдарыңыз ашылып, жамандық атаулы жуымасын. Ал сәттілік магнитше тартылсын. Қиындықтың бәрі ескі жылда қалып, Жаңа жылда жарқын, қуанышты, қызықты, ертегідегідей өмір басталсын!

***

Жаңа жыл құтты болсын! Өткен 2016 жыл барлық қиындық пен ауыртпалықты ала кетсін. Ал Жаңа жыл қуаныш, шат-шадыман күлкі, жақсы көңіл-күй, жақсы күндер ала келсін! Зор денсаулық, бақыт, қызық-қуаныш тілеймін!

***

Жаңа жылдарыңызбен! Тауық жылы әр шаңыраққа денсаулық, бақыт, табыс сыйласын. Жыл бойы бақыттан жүздеріңіз бал-бұл жайнасын. Аман-есен болайық! 

ответил 04 Янв от Асан