Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Аяз атаға арналған хатқа не жазуға болады?

Талқылау
Пікір
Дидар
04 Қаңтар, 17

Сәлеметсіз бе, Аяз ата!

Қалыңыз жақсы ма? Биыл күн суық. Денсаулығыңызды күтіңіз. Сізді көрмегенімізге бір жылдай болды. Жаңа жылды асыға күтіп жүрміз. Былтыр берген үлкен ат үшін рахмет! Маған ұнады. Биыл өзімді жақсы ұстап, тәртіпті болдым. Сабақтан қалған жоқпы. 4 пен 5-ке оқып жүрмін. Сабақтан келген соң анама үй жинауға көмектесемін. Ата-анамды ренжітпеуге тырыстым. Бүгін әкеме көмектесіп, ауланы қардан тазаладым. Ал күзде әкем екеуіміз құстарға арнап ұя жасадық. Оған күнде жем салып, су құйып тұрамын. Бауырымды да ренжіткен жоқпын. Екеуіміз төбелеспейміз. Бірге ойнаймыз. Оған үлгі болуға тырысып жүрмін.

Аяз ата, маған жаңа жылға сыйлыққа үлкен көлік беріңізші. Өзі жүретін, айдайтын рулі барын сыйлыққа алғым келеді. Екі орындығы болуы керек. Одан көп те болса болады. Жаныма бауырым Асқарды  отырғызып, оны қыдыртамын аулада. Түсі ақ болсыншы. 

Сізге рахмет! Сізді және сыйлығыңызды күтемін! Бауырым екеуіміз тақпақ жаттап жүрміз. Жаңа жылда келген кезіңізді айтамыз! Жаңа жылда көрсікенше, Аяз ата!

Сәлеммен, Арнұр!

Құттықтау тілектер категориясындағы басқа сұрақтар
1
4
Ержан
7 жыл бұрын пайда болды

Наурызға арналған бата білесіздер ме?

4
Жансая
7 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мейрамына арналған тілектер бар ма?

5
Нұрсұлтан
7 жыл бұрын пайда болды

Көктем туралы өлеңдер бар ма?

3
Досан
7 жыл бұрын пайда болды

Ана туралы әндер бар ма?