Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Кәсіпкер Баталов екеуін ешнәрсе байланыстырмайды": Марқұмның ағасы мәлімдеме жасады (видео)
Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апаты: Судья жарыссөздің өтетін күнін белгіледі
Құлсара тұрғындары қираған үйлерінің алдында: «Біз қалай өмір сүретінімізді білмейміз»
Атырау облысында ер адам егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді
Судан зардап шеккен 6 аймақтағы түлектерге ҰБТ бөлек кестемен өткізіледі
Атырау-Ақтөбе пойызының жолаушылары лас вагон үшін сотқа арызданып, 50 мың теңге өндіріп алды
Латвия орыс тілінен түбегейлі бас тартты
Алматы облысында жоғалған 3 жасар қызды өлтіріп кеткенде шығар – Полиция
Орбита-3 шағын ауданында ағаштар жолға құлады: ТЖД алматылықтарды сақтануға шақырды
Бишімбаев сотта өзін нақты қай қылмысы үшін кінәсін мойындайтынын айтты
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Жаңа жылға арналған жұмбақтар
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)
***
Айнымайды шыныдан,
Қорқады тек жылыдан. (Мұз)
***
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (Әтеш)
***
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)
***
Қыс түсіп, қар жауса, кілең
Дала кезіп тыншымайды.
Көрінбейтін саусағымен
Бетті аямай шымшылайды. (Аяз)
***
Айналып жүріп шыршаны,
Барлық адам ән салды.
Барлығы да шаттанып,
Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс)
***
Аппақ етіп айналаны,
Ақ көбелек айналады. (Қар)
Жаңа жыл туралы жұмбақтар
Бір кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала шығар. (Жыл мен он екі ай)
***
Ақ қонақ,
Қара қонақ, –
Бірін-бірі қуады,
Кезек келіп тұрады. (Күн мен түн)
***
Бір ақсақал жылына
Бір-ақ рет келеді.
Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата)
***
Қыста келген,
Көктемде кеткен.
Көрпе боп жатқан,
Жылға боп аққан. (Қар)
***
Көкке қарап наздана
Қолын созар күнімен.
Күз, Қыс, Көктем, Жазда да
Өзгермес бір түрінен. (Шырша)
***
Күн суытып, қар түссе,
Үстін бассаң, батпайсың.
Жаз кезінде, тал түсте
Іздесең де, таппайсың. (Мұз)