Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ирак туралы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Аяла
20 Желтоқсан, 16

Ирак мемлекеті туралы қызықты деректер:

  • Ирак алғаш рет 1948 жылы олимпийадалық ойындарға қатысып, бір ғана медаль иеленген. Ол Рим олимпийадасында зілтеміршілер арасындағы жарыстан алған қола медаль еді. Ирак еш уақытта қысқы олимпийада ойындарына қатысқан емес.
  • Ирак аумағының 20 пайызы таулардан тұрады. Негізгі екі таулар тізбегі - Таурус пен Загрос. 
  • 5 мыңжылдық бойы Ирак тұрғындары ара ұстайды. Көптеген ирактық отбасы үшін бал - негізгі табыс көзі.
  • Ирак суларындағы сазандар шамамен 140 килограммға дейін өседі. 
  • Соңғы елу жыл ішінде Ирактағы алғашқы демократиялық сайлау 2005 жылы өтті.
  • Футбол - Ирактағы ең танымал спорт түрі. Сонымен қатар мұндағы халық баскетбол, бокс, ауыр атлетикамен айналысады. 
  • Иракта кең таралған өсімдіктердің бірі - қызылмия. Ол мыңдаған жылдар бойына емдік дәрі ретінде қолданылып келеді. Ерте замандарда жауынгерлер қызылмия шайнаған кезде шөл басылатынын байқаған. 
  • Ирактықтар екі жаңа жыл тойлайды. Олардың біріншісі - Мухаррам күні. Ол - мұсылман күнтізбесінің алғашқы күні. Кейбір ирактықтар григориан күнтізбесі бойынша жаңа жылды да тойлайды. 
Әлем бойынша категориясындағы басқа сұрақтар
1
Марлен
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең терең мұхит және оның тереңдігі қанша?

1
Жанат
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ штаб пәтері қай қалада орналасқан?

1
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең тұзды теңіз?

1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең үлкен теңіз қандай?