Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Кісі өлтірудің мотиві анықталды": Танымал заңгер Бишімбаевтың сот отырысында маңызды нәрсе мәлім болғанын айтты
"Ол өтірік айтады": Байжанов сот алдында жауап берген көріпкелдің сөзін жоққа шығарды
Ресей Байқоңырдан зиянды отын тұтынатын зымыран ұшыру мерзімін ұзартқысы келеді
ForteBank жаңа үш Toyota Camry көлігін жыл соңына дейін ойнатпақ: Ұтысқа қалай қатыса аласыз
"Коктейль ұсынды": Алматыда танымал фотограф 22 жастағы қызды зорлағаны үшін сотталды
23 елде адамдарға қауіп төнеді: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тырысқақ індетінің өршуіне байланысты дабыл қақты
"Салтанат үйден бөтен шаш қыстырғыш көріп ашуланды": Бишімбаевтың үй қызметшісі олардың ұрыстары туралы айтты
"Әкем қатты ішті": Дариға Бадықова балалық шағын есіне алды
"Өзіңді ғана жақсы көр": Гүлзира Айдарбекова ажырасулар көп болмас үшін әйелдердің еркектерден сескенуі керегін айтты
"Мен ешкімді өлтірген жоқпын": Орал тұрғынын ұрып өлтірді деп айыпталған судьяның ұлы мен оның досына үкім шықты
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Сырбай Мәуленов өлеңдерін білесіздер ме?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Бүркіт
I
Мұзды балақ қыран бүркіт
Жайлаған тау қиясын.
Бұзса дұшпан долданатын,
Бауыр басқан ұясын.
Қос қанаты қара дауыл,
Соқтыратын ашулы.
Қаныпезер қастарына,
Түсіретін жасынды.
II
Ұмтылды жау ұямызды
Бұзамын деп ойланып.
Шықтық жауға, қыран бүркіт
Тәрізденіп, долданып.
Күнге ұласқан қиямызға
Жаулар жетіп бара алмас.
Бауыр басқан ұямызға
Қанды шеңгел сала алмас.
1941
Көрінсейші күн болып
Көк бұлттың кемерінен
Көрінсейші күн болып!
Ауыр күнді атқарсайшы,
Өзімменен бір болып!
Күннің көзін тасалайды
Кесек-кесек бұлт бүркеп.
Қара ормандар теңселеді
Әлденеге тітіркеп.
Қанды майдан күркірейді
Шабуылға шақырып.
Елім үшін, сенің үшін
Жатыр оқтар атылып.
Көк бұлттың кемерінен
Көрінсейші күн болып!
Ауыр күнді атқарсайшы
Өзімменен бір болып!
1942
Көк аспанға көз тігіп
Көк аспанға көз тігіп,
Ай нұрына малынып.
Жапырағын қайыңның
Жатырмын мен жамылып.
Жарқырайды жұлдыздар,
Жамырайды жас орман.
Күрсінеді көк өзен
Жанарынан жас тамған.
Жарығында жанған от,
Көзін алмай бір хаттан,
Отыр жалғыз оңаша,
Ойға шомып солдат жан.
Туған елдің сәлемін
Кім жіберген хатқа орап.
Солдат ойы алыста,
Солдат ойы шартарап.
Көк аспанға көз тігіп,
Жапырақты жамылып.
Сол солдатқа қараймын,
Мен де сәлем сағынып.
1942. Волхов майданы
Бір жұтым су
Жарақат ауыр, жан тәтті,
«Жалтарам,— деді,— жастық шақ».
Айнала орап жан-жақты,
Айқара ашты от құшақ.
Қарайлап едім қасыма,
Қан жауыпты қар үстін.
Қауіп бір төнді басыма,
Қайтадан жерге жабыстым.
Жолдасым келді қайрылып,
Бір жұтым су тамызды.
Көңілді сол су жай қылып,
Көз шырымын алғызды.
Қайта тұрдым әлденіп,
Қасқая кірдім қамалға.
Тамшы судан нәрленіп,
Тайынбай тарттым тағы алға.
Жалауым қолдан түскен жоқ,
Жанымды жүрдім сынға сап.
Сол судай тәтті ішкем жоқ,
Келсем де талай жыл жасап.
Бірақ сонда махаббатым
Кім сүртіп ед тамшы қанды,
Жаны ауырып өзіммен.
Елжіреп кім жасы тамды,
Қарақаттай көзінен.
Кім арқалап алып шыққан,
Қалың өлік ішінен.
Білмеймін мен әлдекімді,
Есіме тек түсірем.
Білмеймін мен оның атын,
Таныс емес жүзі де.
Бірақ сонда махаббатым,
Өмірімнің өзі де.