Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бұлшық етті қалай шынықтырсам болады?

Талқылау
Пікір
Бекарыс
03 Наурыз, 16

Бұлшық етті шынықтыруға арналған кеңестер. 

Бұлшық еттері шығып тұрған сымбатты дене - кез-келген жыгіттің арманы. Олардың бұл мақсатқа жету үшін талай уақыттарын жаттығу залдарында өткізетіні де рас. Ал бұлшық етті қалай дұрыс шынықтыруға болады? Бұл жөнінде біздің біраз кеңестеріміз бар. 

Қол бұлшық етін шығару үшін мына кеңестерге құлақ асқаныңыз жөн:

  • Қолыңызды тек қолға арналған жаттығулар арқылы шынықтыруыңызға болады. Ол үшін арнайы бір күнді бөліп қойып, сол күні жасайтын жаттығуыңыздың бәрін тек қолыңызға арнаңыз. 
  • Сантиметрлік таспа сатып алыңыз. Бодибилдингте нәтиже килограммен емес, көлеммен өлшенеді. Айына бір рет қолыңыздың көлемін өлшеп тұрыңыз. Егер оң өзгеріс болмаса, жаттығу тәсілдерін өзгеріңіз.
  • Серіктесіңізбен бірге жаттығыңыз. Өзіңіз жалғыз жаттығу оңайға соқпайды. Сондықтан өзіңізбен көзқарасы, жаттығу тәсілі бір серіктес тауып алып, керек кезде оның көмегіне жүгігеніңіз жөн.
  • Егер, қолыңыздың күш жинағанын сезсеңіз, ол сіздің дұрыс бағытта екендігіңізді көрсетеді. Күштің артынан салмақ та қосылады. Есіңізде болсын, өзіңіз сезінетін бұлшық еттер ғана ұлғаяды. Бұлшық етіңіздің қызметін сезінуге үйреніңіз. Онсыз ешқандай нәтиже болмайды. 
  • Иық бұлшық етін шынықтырыңыз. 
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?