Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қыс туралы шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Қаламқас
04 Қаңтар, 17

Бірақ қуып жете алмаған тәрізді. Осылай іздерді қарайлап, табиғатқа тамсанып жүріп, орман ішінде бір күнің қалай өткенін білмей де қаласың. Өкінішке орай, қыста күн қысқа болады. 

Сонымен қатар қыс - қуанышқа толы мейрамдар уақыты. Бұл кезде бәріміз Жаңа жыл мейрамын тойлаймыз. Аяз ата мен Ақшақар келіп, балалар мәз болысып, тақпақтарын айтып, сыйлық алып жатады. Иә, қысты жақсы көрмеуге болмайды. 

Қыс артынан көктем мезгілі келеді. Оның да өз кереметтері бар. Бірақ қыс мезгілін ерекше жақсы көремін. Қыс - ең тамаша мезгіл.

Қаламқас
04 Қаңтар, 17

Қыс

Барлығымыздың сүйікті жыл мезгіліміз қыс келді. Шана, шаңғы тебу, аққала жасау, қардан қорғандар тұрғызу, қармен атысып ойнау - бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады?

Қыс - ең тамаша жыл мезгілі. Аяғымыздың асты сықырлаған қарға толы. Ағаштар аппақ тон киген. Барлығы жарқырап, күн сәулесі түскенде ерекше шағылысып, әдемі көрінеді. Аязды күндері күн күлімдегенімен, бойыңды жылыта алмайды. 

Ал қысқа орман қандай тамаша! Шыршалар ұзын тон киген, қайыңдар күмістен шапан жамылған, тіпті томарлар да қалпақ киген. Ормандағы аппақ қардан орман жануарларының ізін көруге болады. Міне, қоян жүгіріп өтіп, мына ағаштың түбінде аялдаған да, әрі қарай жүгірген. Оның артына түлкі түскен сияқты. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?