Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Аль Капоне деген кім?

Талқылау
Пікір
Дастан
21 Желтоқсан, 16

Ол түрмеден 1939 жылдың қараша айында босап шығады. Мұнан кейін бірнеше ай Балтимордағы ауруханада жатқан. Әйгілі гангстердің мұнан арғы өмірі жалғыздықта өткен. Ол балық аулап, Палм-Айлендтегі үйінде карта ойындарын ойнаған. 1940 жылы ол пенициллин дәрісі алғаш сыналып көрген азаматтар қатарынан болды. Бірақ дертін жазуға тым кеш еді. 1947 жылдың қаңтарында Аль Капоне 48 жасында инсульт алып, мұнан кейін өкпе қабынуынан мүлдем жатып қалады. 25 қаңтарда Флоридадағы үйінде көз жұмды. Ол Чикагодағы "Елеон тауы" зиратына жерленген. 

Дастан
21 Желтоқсан, 16

Болашақ мафия басшысы 1899 жылы 17 қаңтарда нью-йорктық Бруклинде дүниеге келген. Альфонс Капоне кедей отбасындағы 9 баланың төртіншісі болған. Оның ата-анасы Габриэль мен Тереза Капоне Италиядан көшіп келген. Аль Капоне 6-сыныпта оқып жүргенінде мектептегі оқуын тастап, Манхэттен бандаларының бірінің құрамына кіреді. Есейген шағында Франк Эль мафиясына тиесілі орындардың біріне ұрдажық және бармен болып жұмыс істеген. 1918 жылы Мэй Кофлинмен отасады. Жұбайлар Капоненің соңғы демі үзілгенше ажырамаған. Олардың жалғыз ұлы бар. 1920 жылы Капоне Чикагоға көшіп келеді. Мұнда Бұрынғы бруклиндік гангстер Джонни Торриоға көмекші ретінде қызмет атқарады. Торрио жарақаттанып, емделіп жатқан уақытта орнына Капонены тағайындайды. Осы тұста Альфонстың беделі артып, одан бәрі үрейленетін болған. Ол қанша қылмыс жасап, адам өлтіргенімен, оған қатысты іс қозғау мүмкін болмады. Оған айғақ жоқ не жетіспейтін еді. Десе де оның ізіне жасаған қылмыстары үшін емес, салық үшін әдейі түсіп, осал жерін тапқан. Нәтижесінде Аль Капоне түрмеге жабылады. 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?