Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Рақымжан Қошқарбаевтың өмірбаяны бар ма?

Талқылау
Пікір
Ерлан
20 Желтоқсан, 16

Ал Берлин операциясы кезінде лейтенант Р.Қошқарбаевтың жасаған ерлігі әлем көрмеген ерлік болып, тарихта қалды. 1945 жылы 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатовпен бірге Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. 

Соғыстан кейінгі жылдары Рақымжан Қошқарбаев Эльба бойындағы кеңестік оккупация әскери бөлімінде қызмет атқарды. 1947-1967 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, ал 1967 жылдан "Алматы" қонақ үйінің директоры болды. Р.Қошқарбаев Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. 

Берлиндегі Рейхстагқа ту тігіп, қазақтың нағыз батыр ұлт екендігін дәлелдеген қайсар азамат Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы тәуелсіз еліміздің "Халық қаһарманы" атағы берілді. Р.Қошқарбаев 1988 жылы 10 тамызда Алматыда қайтыс болды. 

Ерлан
20 Желтоқсан, 16

Рейхстагтың үстіне жеңіс туын желбіреткен Қошқарбаев Рақымжан 1924 жылдың 19 қазанында Ақмола облысы Тельман ауылында дүниеге келген. Анасынан төрт жасында айырылып, 13 жасында аяулы әкесі НКВД түрмесіне жабылған. Рақымжан жетімдіктің азабын бір кісідей-ақ тартты. Отан-ананың тәрбиесі бойына сіңген бала-жігіт Ұлы Отан соғысы басталған соң-ақ елін жау қолынан азат етуге бел буады. Ол осы ізгі мақсатпен 1942 жылы Фрунзе қаласындағы жаяу әскер училищесіне оқуға түседі. Осы жерде Рақымжан алыстағы арманы болған күтпеген жағдайға тап болады: жігерлі жас жігітті баяғыда НКВД құрсауына түскен әкесі іздеп тауып, әке мен бала Фрунзеде сағынысып жолығысады. Ардақты әке осылайша сүйікті ұлының сапар жолына ақ батасын береді. 

Ә дегеннен-ақ атқыштар дивизиясына түскен Р.Қошқарбаев 1944 жылдың қазан айынан бастап 1-Беларусь майданында взвод басқарады, Польша, Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысып, жаумен аянбай шайқасады. Ержүрек жас жауынгер сүйікті елін жау қолынан босатуға жан аямай соғысады.

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?