Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қарақұмық емдәмін қалай ұстайды?

Талқылау
Пікір
Жайна
20 Желтоқсан, 16

Қарақұмық емдәмін 2 аптадан артық ұстауға болмайды. Ал емдәм арасындағы үзіліс 3 айды құрауы тиіс. Мұндай емдімді 10 күн ұстау арқылы шамамен 4 кг салмақтан арыла аласыз. Қарақұмық ботқасы зат алмасуын жақсартады. Салдарынан ағза күш-қуат алу үшін май жасушаларын ерітеді. 

Қарақұмық емдәмі  - өте тиімді. Қарақұмық ботқасында В дәрумені бар. Ол тырнақ пен шаштың жақсы өсуіне көмектесіп, жүйке жүйесін нығайтады. Соынмен қатар қарақұмықта кальций, фосфор, йод, темір тұздары және басқа да пайдалы элементтер бар. 

Жайна
20 Желтоқсан, 16

Қарақұмық емдәмін ұстанған кездегі ең басты қағида - қарақұмықтың дайындалуы. Қарақұмық ботқасының пайдалы қасиеттерінің барлығын сақтау үшін оны қайнату керек емес. Оныыстық сумен не ыстық сүтпен демдеу керек. Оған қоса қарақұмық ботқасына дәмдеуіштер, тіптен тұз бен қант қосудың керегі жоқ. Егер қарақұмықтың құр өзін же алмасаңыз, дәм беру үшін аздаған соя соусын қосуға болады. Сонымен қатар қант қосылмаған көк шай ішу керек. Бірақ күніне 3 шыныдан артық ішуге болмайды. 

Тек қарақұмық жеп, майлылығы төмен айран мен су ішу қажет. Егер қарақұмықты қалаған мөлшерде жей алсаңыз, айранның бір күндік мөлшері - көп дегенде 1 литр. Ал су мөлшері - шектеусіз. Бұл емдәмді ұстанған кезде кешкі сағат 6-дан кейін тамақ жеуге болмайды. Тек ұйқыға жатар алдында 1 стақан айран іше аласыз. Қарақұмық емдәмінің ұзақтығы - 6-7 күн. 


 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?