0 интересует 0 не интересует
спросил 20 Дек, 16 от Жүрсін в категории Денсаулық

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Мұз үстінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері

  • Сулы жерді мұз үстімен өтпек болсаңыз, жабдықталған өткелмен не салынған жолмен өтіңіз. Олар болмаған жағдайда, мұздың қауіпсіздігін сүйменмен тексеріп көріңіз. Мұздың қаттылығын аяқпен тебу арқылы тексеру қауіпті екендігін ескергейсіз.
  • Мұз үстімен жүрген кезде қалың қар жатқан қауіпті жерлері мен аумақтарынан айналып өтуге тырысыңыз. Жаяу жүріп өту үшін түсі жасылдау, қалыңдығы кемінде 7 см болатын мұз ғана қауіпсіз. 
  • Мұздан топ болып өткенде тізбекпен жүріп, адамдар арасындағы ара қашықтық 5-6 метрді құрауы тиіс. Және алдағы адамға көмектесуге қашан да дайын болу керек.

ответил 21 Дек, 16 от Дәурен
0 интересует 0 не интересует

Мұз үстінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері

  • Суда қатқан мұздан мұзайдын жасап сырғанау тек жүргізілген толыққанды тексеруден кейін ғана рұқсат. Мұздың қалыңдығы кемінде 12 см болуы керек. Ал көпшілік сырғанауы үшін мұздың қалыңдығы 25 см болуы тиіс. 
  • Егер аяқ астыңызды мұз жарылып кетсе, бірден мұзға жатып, оқыс қимылсыз қатты мұзға қарай денеңізбен сүйретіліп қозғалыңыз. Мұнан кейін арқаңызда не етпетіңізде жатқан күйі келген жағыңызға қарай қозғалып, көмекке шақырыңыз. 
  • Мұзға түсіп кеткен адамға көмек көрсетер кезде оған жақындау қауіпті. Зардап шегушіге мұзда аяқ-қолыңызды екі жаққа жіберіп жатқан күйіңізде жақындаңыз. Көмек көрсету үшін тақтай, саты, сырық, арқан қолданыңыз. Ал қолыңызда бұл заттар болмаса, 2-3 адам мұзға тізбектеле жатып, бір-бірінің аяғын мықтап ұстайды. Осылайша зардап шегуші адамға қарай қозғалыңыздар. Алдағы адам зардап шегушіге белбеу, киім, т.б. ұсынады. 
ответил 21 Дек, 16 от Дәурен