Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Көмектесіңіздер, ол өлуі мүмкін": Алматыда 5 жасар бала көршілердің ортақ тобына хабарлама жіберіп, анасын құтқарып қалды
Бишімбаев ісі бойынша сотқа қатысқан ресейлік журналист Ксения Собчак Қазақстандағы "ұят" ұғымын сынға алды
"Біреу итеріп жіберген": Ақтөбеде 22 жастағы келіншек үшінші қабаттан құлаған
Алматы облысында қыздарын зорлады деп айыпталған ер адам сотқа тартылды
"Қорғауға міндетті және қорғайды": Адвокаттар алқасы Бишімбаевтың қорғаушыларына қысым көрсетуді тоқтатуды талап етті
Астанада салауатты өмір салтын насихаттауға 120 миллион теңгеден астам ақша бөлінбек
"Кеңес Одағында өмір сүргіміз келе ме": Индустрия министрі бағаны бақылау баяғыны еске салатынын айтты
"Ол батыстың санкцияларынан қорықты": Продюсер Димаш Құдайбергеннің Игорь Крутоймен қарым-қатынасын не үзгенін айтты
Бишімбаевтың қайғылы жағдайдың алдында көріпкелге ақша аударғаны анықталды
Қазақстандық шенеунік мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен үстемақысын арттыруды ұсынды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
Нұркен Әбдіров өмірбаяны бар ма?
1
0
1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды
Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?
Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
4
2
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Нұркен Әбдіров 1919 жылы Қазақ КСР-і Қарағанды қаласында дүние есігін ашқан. Әскер қатарына шақырылмастан бұрын Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын тәмамдап, запастағы пилот мамандығын алған. Училищеден кейін Әбдіров Сталинград фронтына жіберілген.
Сталинград шайқасы кезінде ол Ил-2 ұшағының ұшқыш-штурмовигі болған. 1942 жылдың 19 желтоқсанында кеңес жауынгерлерінің Сталинград түбінде қарсы шабуылы кезінде Нұркен Әбдіров өз ұшағымен "Ил" төрттігі құрамында Боков-Пономарев ауданына жау қорғанысы аумағына бомба шабуылы соққысын жасау үшін бағыт алған. Тапсырманы сәтті орындаған "Ил" төрттігі кері бұрылып, аэродромдарына қарай бет алған. Бірақ фронт сызығына жақын қалғанда Әбдіровтың ұшағы жанып, ұшқыш ауыр жарақаттанған. Аэродромға дейін жете алмайтындары, ал төмендегі жерде жау әскері орналасқаны белгілі. "Қош бол, Отан, достар..." - деген соңғы сөзін айтқан ол шабуыл ұшағын жау танкілері мен бензин тасымалдаушыларына қарай бағыттады. Жарылыстың үлкен күші маңайды дүр сілкінтті. Ол ерлік танытыпы, ерлікпен қаза тапты. Отан үшін жан аямай шайқасты. КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумы 1943 жылдың 31 наурызындағы бұйрық бойынша оған Кеңес Одағы Батыры атағын берді. Отанының ержүрек ұлы 1942 жылы 19 желтоқсанда ерлікпен көз жұмды.