0 интересует 0 не интересует
спросил 20 Дек, 16 от Зәуре в категории Білім, ҰБТ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Кішіпейілдік - адам мінезіндегі адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды ізгі қасиеттермен сипатталатын көркем қасиет. Ол адамның инабаттылығы мен қоғамда қалыптасқан тәртіпке бағынуынан, әдептілігі мен ізгілігінен көрінеді. Қазақта "ұлық болсаң кіші бол" деген сөз бар. Яғни, ол адамның үлкен дәреже, мәртебеге қол жеткізіп, астамсынудан сақтану керегін білдіреді. Адам қанша биік болса да, өзін өзгелерден төмен санауы керек. Оның кішілігінен ұлықтығы көрінеді. Адамның адамгершілігі де кішілігіне байланысты. 

Өзін өзгелерден төмен санаған адам дәйім даму, кемелдену үстінде болады. Кішіліктің бір ерекше қыры да осында. Сондықтан өзгелерге кішіпейілдік, кішілік таныта білетін жанды абзал, адамгершілігі мол адам деп атауға болады. 

ответил 20 Дек, 16 от Күнімжан