Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ақшақардың сөзі бар ма?

Талқылау
Пікір
Арман
20 Желтоқсан, 16

***

Армысыңдар, балалар,

Армысыздар, ата-ана.

Қуана жеттім сіздерге,

Асыр салып, шаттана.

Аяз ата алыс елден жіберді,

Жаңа жылды тойлауға.

Тәртіптерін тексеруді бұйырды,

Өткен жылғы тәртіп жайлы ойлауға.

Кім анасын тыңдамайды?

Балаларды мазақтайды.

Сабағына салғырт қарап,

Екіліктен арылмайды.

Орныңызда тұрыңыздар!

Кім таңертең тісін жуып,

Анасына бола алып жүр қолғабыс?

Кім тәртіпті, жақсы болып,

Атқарып жүр жақсы іс?

Бізге қарай келіңіздер!

Жарайсыңдар, балалар,

Сыйлықтарға лайықсыздар.

Аяз ата келіп бізге алыстан,

Таратады ойыншықтар, сыйлықтар!

Дариға
20 Желтоқсан, 16

Ақшақар сөзі:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

***

Жаңа жылды қарсы алуға 

Кімдер мені шақырған?

Армысыңдар, достарым,

Сендерге мен қуанам!

Үлкенің де, кішің де

Ерінбей еңбек еттіңдер.

Шыршамызды әсемдеп, 

Құлпыртып, көркейттіңдер. 

Біз ертегі елінен келдік,

Ән айтайық, би билейік.

Шеңбер құрып тұрайық,

Жаңа жылды қарсы алайық!

Мерекелер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Азамат
1 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мейрамы қай елдерде тойланады?

1
Айнагүл
1 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мерекесі қалай тойланады?

0
Adlet
3 жылы бұрын пайда болды

Қарттар күнімен құттықтау?

1
Гүлжанат
7 жыл бұрын пайда болды

Наурыз көженің құрамына кіретін жеті өнім қандай?

1
Парасат
7 жыл бұрын пайда болды

Неліктен 1 сәуір күлкі күні аталды?