0 интересует 0 не интересует
спросил 05 Янв от Айғаным в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Жаңа жыл кезінде ағзаңызды күтіп, көп мөлшерде тамақтанбаңыз. "Оливье салатынан кейін тек Мимоза жеу керек", ал "балықтан жасалған салаттан кейін шаян салатын жеуге болмайды" деген сынды ешқандай кесете жоқ. Сондықтан алаңдамаңыз. 

Бастысы - әр нәрсенің шегін білу. Кез-келген тіскебасарды жей беріңіз. Тек көп мөлшерде жемеңіз. Сонымен қатар салаттарды пайдалырақ етіп жасауға тырысыңыз. Майонездің орнына қаймақ, шұжықтың орнына тауық, өсімдік майының орнына зәйтүн майын қосуыңызға болады. 

Салатты өзгелерімен алмастырып жемесеңіз де, ол ұйқы безі мен өт қабына әсер етеді. Мұндай жағдай егер салат тым майлы болса немесе көп мөлшерде жеп қойсаңыз орын алады. Ал құрамындағы заттарды емдәмдік түрлеріне алмастырсаңыз, ағзаңызға түсер салмақ төмендейді. Жаңа жылда үстелді тамаққа лық толтыру дәстүрге айналған. Сондықтан барлық түрінен аздаған мөлшерде ғана дәм татыңыз. Сонда асқазаныңызға байланысты қиындық туындамайды. 

ответил 05 Янв от Айнұр