0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Янв от Қайнар в категории Жануарлар және өсімдіктер

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Қыс - жануарлар үшін ең ауыр жыл мезгілі. Олар тоңып, өздеріне қар астынан қорек таба алмайды. Жануарлар қысқа қалай дайындалады? Олардың кейбірінің жүндері қалыңдап, кейбірі қысқы ұйқыға кетеді. 

Қыста қорек мөлшері айтарлықтай азаяды, сондықтан көптеген жануар күзден бастап қысқа дайындалады. Тіпті, кей жануарлар қыс қамына жаздан кіріседі. Қыстық қорды бірінші болып жинай бастайтындары - тышқандар, ала тышқандар. Олар жазда орманнан дән, жаңғақтар жинап, індеріне тасиды. Ініне қорек қорын жинаған олар қыс бойы інінде тығылып, сыртқа шықпайды. Суық кездерде кеміргіштер үнемі ұйқыда болады. Тек ара-тұра қоректеніп алу үшін ұйқысынан оянады.

Түлкі, қоян, қасқырлар қысқы суыққа мұншалық дайындалмайды. Себебі олар қысты қорек іздеумен өткізеді. Қояндар жыртықштардан қорғану үшін, сұр тонын ақ түсті тонға ауыстырады. Ал түлкілер мен қасқырлар тондарының түсін өзгертпейді. Бірақ қақаған аязға төтеп беру үшін жүндері қалыңдайды. 

ответил 10 Янв от Рауан
0 интересует 0 не интересует

Тиіндер мен құндыздар қысқы ұйқыға кетпейді. Бірақ қыс мезгіліне тыңғылықты дайындалады. Құндыздар үлкен отбасы болып тіршілік етіп, барлығы бірге су маңына ыңғайлы үйшіктер тұрғызады. Олардың жанынан қоректері, яғни ағаш бұтақтарын жинайды. Сонымен қатар олар суда өсетін өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. 

Тиіндер де қысқы ұйқыға кетпейді. Бірақ көп уақытын ағаштардың басына салған ұясында өткізеді. Бұл кеміргіш жыртқыштардан қорғану үшін, тонының сарғыш түсін сұрлау түске өзгертеді. Ол емен жаңғағымен, саңырауқұлақтармен, жаңғақтармен, дәндермен коректенеді. 

Аюлар апандарын алдын ала дайындайды. Олар үңгір, орларды іздеп тауып, онда жапырақ, бұтақ, мүк жинайды. Үстіне шырша бұтақтарын жауып, өзіне жұмсақ төсеніш жасайды. Қар жауғанда ол аю апанын жауып қалып, ішіндегі жылуды сақтайды. Аюлар қорек қорын дайындамайды. Бірақ күзде жаңғақ, балықтармен көп қоректеніп, денесіне май жинайды. Шындығында жыртқыш қалың ұйқыға кетпейді, тек қалғып кетеді. Қажет болған жағдайда апанынан шығады. Дәл қыс уақытында ұрғашы аюдың кішкентай қонжықтары пайда болады. 

ответил 10 Янв от Рауан