0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Янв от Қарашаш в категории Ұстаздарға

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Сабақтың  тақырыбы: Мамандықтар. Сын есім

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: берілген тақырыпқа қатысты жан-жақты мәлімет беріп, сын есімді түсіндіру, дұрыс сөйлеу, жазуға үйрету;

                                 б) дамытушылық: оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, танымын кеңейту;

                                 в) тәрбиелік: Отанын, елін сүюге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: жаңа  сабақ                 

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, суреттердің көмегімен жұмыс жасау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сөздік, түрлі суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ответил 10 Янв от Сәбит
0 интересует 0 не интересует

1 – тапсырма. Берілген суреттерге қарап, қандай мамандықтар көрсетілгенін атаңыздар. Оларға байланысты қандай сөз тіркестерін құрай аласыздар?

2 – тапсырма. Берілген «Мамандықтар»  мәтінін  оқыңыздар. Ондағы етістіктерді тауып, шақтарын атаңыздар.

               Ережемен  жұмыс

Сын есім туралы түсінік қалыптастыру

Сын есім - заттың сынын, сапасын, түсін, түрін, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай? 

1. Сын есім құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.

    А) дара сын есім: қызыл, биік, әдемі

    Б) күрделі сын есім: 

          1. біріккен: алқызыл

          2. қосарланған: ұзын-қысқа

          3. тіркескен:    қоңыр сары

2. Сын есім тұлғасына қарай негізгі және туынды сын есім болып бөлінеді.

      А) негізгі сын есім:   ұзын, кішкентай, сары

      Б) туынды сын есім: далалы, еріншек

ответил 10 Янв от Сәбит
0 интересует 0 не интересует

3. Сын есімнің мағынасына қарай сапалық және қатыстық түрлері бар.

       А) Сапалық сын есім: ақ, үлкен, суық

       Б) Қатыстық сын есім: көрікті, ауқатты, майлы

ІV. Бекіту   бөлімі

Сын есім бойынша сұрақтар қою

V. Үй  тапсырмасы

3 – тапсырма «Мамандықтар» мәтінінін оқып, мазмұнын айту

4 – тапсырма. «Мен таңдайтын мамандық» тақырыбына шығарма жазу.

VІ. Бағалау

Сабаққа қатысуы, белсенділігі бойынша бағалау.

VІІ. Қорытынды

- Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

ответил 10 Янв от Сәбит