Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бір жасар баланың шашын тақырлап алу керек пе?

Талқылау
Пікір
Марат
04 Наурыз, 16

Денсаулық тұрғысынан қарағанда, сәбидің шашын тақырлаудың қажеті жоқ. Шаш түйіншесі баланың анасының жатырында жатқан кезінде қалыптасатындықтан, ол шаштың өсуі мен қалыңдығына ықпал ете алмайды. Баланың шашын тақырлаймын деп, оның жұмсақ терісін ұстараның өткір жүзімен жарақаттауыңыз да ықтимал. Одан да баланың шашының сәл өскенін күтіп, шашын қиғаныңыз жөн.  

Әнуар
04 Наурыз, 16

Бір жасар баланың шашын тақырлап алу міндетті емес. Шашын қиып тұрумен шектелуіңізге де болады. Бірақ бұл жаста жұмсақ балапан шаштарды алып тастау үшін, баланың шашын қиып тұру қажет. Баларда олар жиі ұйысатындықтан, шаш біртегіс өспейді. Және кекіл мен желке тұсындағы шаштың самайдағы шашқа қарағанда жылдам өсуі мүмкін. Егер,  бір жасында сәбиігіңіздің шашын алсаңыз, әрі қарай шаш біртегіс өсетін болады. Сонымен қатар, бұл психологиялық тұрғыдан да ұтымды. Ерте жастан шашын ала бастасаңыз, бала кішкентайынан шашын алуға үйренеді. Бастысы, шаш алу үшін балаңызды күштеудің қажеті жоқ. Оның салдарынан балаңыз шаш қиюдан қорқып қалып, болашақта шаш қидыруында қиындықтар орын алуы ғажап емес.

Шырай
04 Наурыз, 16

Шаштың түзу не бұйра болуы адам геніне байланысты. Ал шаш түйінінің санына қарай шаш жұқа немесе қалың болады. Баланың шашын қанша тақырлап алсаңыз да, ол шаш түйінінің санына, шаштың қалыңдығына еш әсер етпейді. Балапан шаштардың алынып, орнына қалыңырақ шаштың өсе бастауы себепті тақырлау шаш қалыңдығына әсер еткендей болып көрінуі мүмкін. Бірақ, шашты тақырлап алу шаштың өсу қарқынына да, қалыңдығына да ықпал етпейтінін қайталап айтамыз.

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?